21.01.2019, 20:40
Қараулар: 73
Арнайы техникалардың аздығы алаңдатуда

Арнайы техникалардың аздығы алаңдатуда

Биылғы қыс мезгілінде республикалық  және  жергілікті маңыздағы жолдарды күтуге 357 бірлік жол техникасы жұмылдырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар  қызметінің ақпарат  алаңында  баспасөз мәслихатында  БҚО ТЖД  төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық  қорғау  майоры Марс Отаров мәлім етті.

Өңірдегі республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда 17 жылыту пункті ұйымдастырылған екен. Сонымен қатар  аудандық әкімдіктер өз аумақтарындағы жолдар бойында орналасқан 23 кафе иелерімен ниет-келісімшартын жасасқан. ТЖ департаменті аудандық әкімдіктерден түскен өтінімдерге сәйкес, қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жанар-жағармай беруде. 850 тоннаға жуық жанар-жағармай мен тайғақ жолға қолдану үшін 30 мың тоннадан астам қажетті материал жасақталған. Биыл қыс қаһарлы, жауын-шашыны көп, қар қалың. Бұл құзырлы мекемелердің жұмысын ширатуға міндеттейді. Марс Тасқалиұлы  қыс мезгіліндегі жол жағдайы облыс әкімдігі мен департаменттің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

– Қабылданған шараларға қарамастан, жыл сайын республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда аутокөліктердің қар құрсауында қалып қойып, арнайы жоғары өтімді техникалардың жетіспеушілігі байқалады. «ҚазАвтоЖол» РМК филиалының арнайы техникамен қамтылуы 50% шамасында. Аталған қызметте фуралар мен үлкен жүк көліктерін сүйрейтін арнайы техникалар жетіспейді, – деді Марс Отаров.

Ясипа  РАХЫМҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.