21.01.2019, 20:16
Қараулар: 0
Жүк көліктерінің «сырғанауы» жиілеп тұр

Жүк көліктерінің «сырғанауы» жиілеп тұр

Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары күрежол бойындағы «фура» жүргізушілерінің қаперіне қауіпсіздік шараларын қайта-қайта түсіндіруде. Өйткені биыл қолайсыз ауа райының салдарынан осы алып жүк көліктерінің тайып, жол жиегіне түсіп кетуі және төңкеріліп құлауы жиілеп тұр.

15 қаңтарда «Қазавтожол» ЖШС-ның, №18 өртпен күрес бөлімінің, басқа да мекемелердің мамандары мен техникасының күшімен аудан аумағындағы Алмалы ауылдық округі тұсында, нақтырақ айтсақ, Атырау – Орал республикалық тасжолының 261-шақырымында жол жиегіне ауып қалған қазақстандық жүк көлігі «тұрғызылды».

— 14 қаңтар күні Орал – Атырау жолының Мерген ауылдық округінің тұсында түркиялық, Алмалы ауылдық округінің маңында өзбекстандық «фуралар» аудан орталығындағы «Жайықтехсервис» кәсіпорны, сондай-ақ Оралдан «КамАЗ-дың», басқа да техниканың шақырылуымен жол үстіне шығарылды. Ең бастысы, адамдар аман, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірхан Қажығалиев.

Бекем  БЕКҰЛЫ,

Ақжайық  ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.