Бұл кімнің «Ата-анасы»?

Орал   қаласы  әкімінің  назарына!

Облыс орталығындағы Пугачев көшесімен жүріп келіп, солға қарай бұрылып, Құрманғазы көшесіне түскен бойда оң қолдағы аялдамалық алаңқайда «Ата-ана» деген дүкен тұр. Облыстық һәм қалалық мемлекеттік кірістер жөніндегі мекемелерден қарға адым, ал Батыс Қазақстан облыстық полиция басқармасынан таяқ тастам жердегі үшбу дүкенсымақ бұрын шамасы азық-түлікке қоса, ұсақ-түйек сататын шағын сауда-саттық нысаны болғанға ұқсайды. Бірақ бірнеше жылдан бері әрі-бері өткен сайын байқап жүрміз, бұл өзі біраздан бері «аузы-мұрны жоқ отау», яғни кіріп-шыққан ешкімді көрмейсіз, қысы-жазы, күндіз-түні жабық. «Айдаладағы ақ отау» деуге келмейді, өйткені сырты жыл-он екі ай бойы  салтақ-салтақ, кір-кір. Ақыры істемейтін дүкен болса, Орал қаласының басшылығы осы «аузы-мұрны жоқ отаудың»  көзін құртуға неге пәрмен бермейді?  Әлде үшбу дүкеннің «крышасы» «слышком крутой» болғаны ма? Апырым-ай, ә, бұл сонда кімнің «ата-анасы» болды екен?..

Өз  тілшіміз