14.01.2019, 20:43
Қараулар: 96
Көрме орталығы құрылмақ

Көрме орталығы құрылмақ

Кеше облыс әкімі Алтай Көлгінов белгілі сурет және қолөнер шеберлері Қуандық Мәдіров, Нұртай Жардемов және Тоғжан Бабиевамен кездесті.

Кездесу барысында облыс әкімі суретшілер мен көркем шығармашылықтағы жаңашылдық пен ұлттық мәдениеттің дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ қатысушылар Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан туындайтын міндеттерді одан әрі қарай іске асырылуы туралы пікір алмасылды.

Кездесу барысында облыс әкімі мәдениет саласының даму жоспарлары туралы әңгімелеп, аймақтың мәдени әлеуетін дамытуда бейнелеу өнерінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, облыс орталығында орналасқан көркем галереясы қайта жаңартылып, құрылысы биыл басталатын Мәдениет сарайында көрме орталығы құрылады.

Өз кезегінде бейнелеу өнерінің шеберлері мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін алға тартты.

 Облыс   әкімінің   баспасөз  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.