Кенеттен көз жұмған

Зеленов ауданындағы Асан жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің Н. есімді 5-сынып оқушысы кенеттен көз жұмды.

2018 жылдың 25 желтоқсанында сағат 17.30 шамасында дене шынықтыру сабағында отырған оқушының денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Оқиға орын алған кезде оқушыға дереу алғашқы көмек көрсетіліп, «Жедел жәрдем» шақырылған. Осылайша қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген науқас кейінірек қайтыс болған.

Мектеп директорының мәлімдеуінше, ауруының диагнозы толық анықталмағандықтан, оқушы дене шынықтыру пәнінен толықтай босатылмаған. Алайда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі шәкірт денсаулығының әлсіздігінен хабардар болған соң, оған ауыр тапсырмалар жүктемеген. Оқушы сабақ барысында орындықта отырған. Бүгінде құзырлы мекемелер тергеу шараларын жүргізуде.

Облыстық  білім  басқармасы