БҚО ТЖД үздік ерікті өртке қарсы құрылымдарды марапаттады

ҚР «Азаматтық қорғаутуралы» Заңынасәйкес дала өрттерін, сонымен қатар мемлекеттік емес өртке қарсы бөлімшелері жоқ елдімекендерде өрттерді сөндіру жұмысыжергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

2018 жылдың өрт қауіпті кезеңінде облысаумағында 463 табиғи өрттер мен жанулар тіркелді. Орыналғантабиғи өрттер мен жанулардың негізгі бөлігін сөндіру ерікті өртке қарсы құрылымдардың күшімен жүзеге асырылды.

Аталған бағытта, жедел әрекет ету және ұйымдастыру жұмыстарының жоғарғы деңгейлі көрсеткіші Ақжайық, Қаратөбе,Жәнібек, Тасқала және Жаңақала аудандарында басым болды. Есептік кезеңде жоғарыда аталған аудандарда ерікті өртке қарсы құрылымдардың күшімен барлық табиғи өрттер мен жанулар сөндірілді.

ТЖ Департаментінің мәжіліс залынада өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада генерал-майор Ж.Қ. Жұмашев өрт қауіпті кезеңде жұмыстарды жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны және жеке қосқан үлестері үшін келесі тұлғаларды ынталандырып алғас білдірді, атап айтқанда:

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің әкімі – Шаленов Болат Байғалиұлы;

Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі – УтемисовТатжанЕсенұлы;

Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің әкімі – БердигалиевНуржанСерикбаевич;

Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің әкімі – Беккалиева Айгуль Каиргалиевна;

Тасқала ауданы Чижа ауылдық округінің әкімі – Шакиров Талгат Аскарович;

Жаңақала ауданы «Муса» шаруа қожалығының жеткшісі – Мусин ТлегенТемиранович;

Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы – Қажгереев Махамбет Маралович;

Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округіәкімі аппаратының бас маманы – Ахметов БиржанСагиевич;

Қаратөбе ауданы «Ақжол» шаруа қожалығының жеткшісі – Бакытжанов БекболатРахымгалиевич.

БҚО ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ