21.12.2018, 11:39
Қараулар: 123
Қауіпсіз Жаңа жыл!

Қауіпсіз Жаңа жыл!

Жылдың ең көптен күткен мейрамы бұл Жаңа жыл. Бұл жұмыстан тынығып, өмір әбігершілігінен демалуға, отбасымен және достармен отырып, көңілді уақыт өткізуге мүмкіндік. Бірақ та мейрам әрдайым тек жақсы және жағымды естеліктер қалдырып отырмайды.

Бұрын адамдар Жаңа жылда бенгал оттармен және қылшақшалармен біраз көңіл көтерсе, қазіргі таңда олардың орындарына қауіпті әрі зиянды пиротехникалық өнімдер келді (петардалар, фейерверктер, зымыран жарылғыштар).

Жаңа жылдық мейрамда адамдар пиротехниканың құрбаны жиі болып табылады. Көз, бет, қол-аяқ күйіктері мен жарақаттары – пиротехника өнімдерден зардап шеккендердің ең көп таратылған жарақаттары болып табылады.

Сонымен, пиротехника өнімдерінен жарақат алған кезде не істеу керек? БҚО ТЖД Тасқала ауданы төтенше жағдайлар бөлімі пиротехникалық өнімдерден жарақат алған жағдайдағы іс-қимылдарын ұсынады:

  • жараны салқын сумен жуу, шаю;
  • жараға таңғыш тарту – бинттемеу;
  • жақын арадағы жарақат бөлімшеге немесе жедел жәрдем қызметіне жүгіну. Қан кету жағдайда жарадан жоғары қолға бұрау салып, оны уақтылы босату қажет;
  • көз жарақатын алған жағдайда шұғыл түрде жедел жәржем қызметін шақырту керек.

Пиротехникалық өнімдерін сатып алғын кезде не білу керек? Біріншіден, пиротехникалық өнімді сатып алған кезде мұқият болыңыз, сәйкестік куәлігі, нұсқамасы бар екендігін тексеріңіз, сондай-ақ жарамдылық мерзімін көруіңіз қажет. Куәлік болған жағдайда, бұның ішінде келесі ақпарат көрсетіледі: қауіп классы, жарамдылық мерзімі, пайдалану үшін жас шектеуліктері.

БҚО ТЖД Тасқала ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі барша Қазақстандықстарды келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтай отырып, Жаңа жыл секілді көптен күткен сиқырлы мейрамы трагедияға айналып кету мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан мұқият әрі абай болыңыз, бола алатын төтенше жағдайды бірге болдырмайық.

Тасқала ауданы ТЖБ

аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Абай КАЛИМУЛЛИН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.