21.12.2018, 11:38
Қараулар: 71
Пиротехникалар қауіпті!

Пиротехникалар қауіпті!

Бенгаль оттары мен петардсыз жаңа жылды елестету мүмкін емес. Қаңтар айының алғашқы минуттарында қаламыздың аспанында оттар жарқырайды. Түрлі отшашулар, сылдырмақ, субұрқақтар адамдарға мерекелік көңіл-күй сыйлары анық. Бірақ жарқ-жұрқ еткен от шашулардың тек көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, кей жағдайда  өмірімізге  қауіп төндіретін сәттері болатындығын естен шығармауымыз керек. Қайғылы жағдайдың алдын-алу үшін әр адам пиротехниканы пайдалану ережелерін егжей-тегжейлі біліп алғаны жөн.

Ең алдымен пиротехниканы сатып алғанда, қаптамаға назар аударған дұрыс.  Ол бүтін, дымқылданбаған, жақсы басылған заттаңбасы бар болуы қажет.  Сонымен қатар, сатушыдан қауіпсіздік сертификатын сұрауды ұмытпаңыз. Егер ол сізге  сертификатты бермесе, немесе оны көрсетпесе, пиротехиканы сатып алудан бас тартқан жөн. Қосымша заттаңбадағы ГОСТ-қа сәйкестік нұсқауын тексеру керек, онда қауіпті заттарға қойылатын нормалар мен талаптар реттелген. Пиротехниканы таңдаудағы міндетті шарт таңдалған өнімнің жарамдылық мерзімін тексеру. Ол орта есеппен 2-3 жылға тең деп саналады.

Есіңізде болсын! Пиротехникалық бұйымдармен ойнау ешқашан жақсылық әкелмейді. Статистика бойынша жыл сайын, елімізде жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар мен демалыстарда балалар мен ересектер осы бұйымдардан түрлі дәрежедегі жарақаттар мен күйіктер алады.

 

 

М. НАЗАРОВ,

Қалалық төтeншe жaғдaйлaр бaсқaрмaсының

бaс мaмaны, aзaмaттық қорғaу aғa лeйтeнaнты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар