20.12.2018, 16:28
Қараулар: 90
Қоныс құтты болсын!

Қоныс құтты болсын!

Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласы Зашаған кентінде 180 пәтерлі  9 қабатты үй пайдалануға берілді.

Бұл зәулім үйдің құрылысын «Болашақ-Т» ЖШС былтырғы қыркүйекте бастаған болатын. Үйді салуға ҚР Ұлттық қорынан, республикалық және жергілікті бюджеттен  1,4  млрд. теңге қаражат бөлінді.

180 пәтер баспана кезегінде тұрғандарға берілді. Пәтерлердің жалпы ауданы – 10 186 мың шаршы метр.

– 16 желтоқсан – ең қастерлі мереке, ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік күні. Біз бейбіт заманда өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Баспанаға оңтайлы қол жеткізу мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Жаңа ғана бір кейуана 16 жыл бойы баспананы алу кезегін күткенін айтты. Қоныстой сәтін сарыла күткендер бүгін айрықша қуанышты. Елбасы халықты баспанамен қамтуға ұдайы көңіл бөлуде. Орал қаласының инфрақұрылымы жыл сайын дамып келеді. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын, – деді пәтер кілттерін тұрғындарға табыстаған облыс әкімі Алтай Көлгінов өзінің құттықтау сөзінде. Пәтер иелері атынан көп балалы ана, зейнеткер Бақтылы Сапарова сөйлеп, атқамінер азаматтар мен құрылысшыларға ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстағы тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 17,2 млрд. теңге қарастырылды. Осы қаражаттан үйлерді тұрғызуға бөлінгені – 13,5 млрд. теңге.

Биыл 6 көпқабатты тұрғын үй (688 пәтер) және ауылдық елді мекенде 83 тұрғын үй (139 пәтер), сонымен бірге 19 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары (62,3 шақырым) пайдалануға берілуде. Соның ішінде облигациялық қарыз есебінен салынатын «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ салымшыларына 2 үй (210 пәтер), жергілікті атқарушы орган есебінде үй алу кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға 1 үй (180 пәтер), баспанасы апатты жағдайдағы тұрғындарға  3 үй (298 пәтер), ауылдық елді мекендердегі  83  тұрғын  үй  бар.

Нұртай  ТЕКЕБАЕВ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар