20.12.2018, 14:53
Қараулар: 61
Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесі

Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесі

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері халыққа пештер мен электр жылытқыш құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және оларды қараусыз қалдырмау өтінішін жолдайды.

Температураның төмендеуіне орай дәстүрлі түрде пештерді және электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, отты абайсыз пайдалану себебі бойынша өрттер саны көбейеді. Статистика бойынша барлық өрт себептерінің ішінде пешті дұрыс пайдаланбау үшінші орында тұр. Тұрғын-үйлер зақымдалмай және ешкім зардап шекепес үшін пешті орнатуға және оны жөндеуге арналған қарапайым ережелерді біліп алу қажет, бұл сіздің үйіңіздің үйлесімін бұзбайды, ал көмір және ағашпен жылытуды қолдану — жылыту функциясын атқарып, адамды эстетикалық қуанышқа бөлер еді.

  1. Жылыту маусымы басталар алдында пештер мен түтіндіктерді тазалап, олар арқылы өткен түтіннен пайда болатын қара жарықшақтар (жіктер) байқалуы үшін оларды әк ертіндісімен және балшықпен майлаңыз. Түтіндіктерді тексеру кезінде келесілер бақыланады:

— тартқыштың болуы және  бітелудің болмауы;

— олардың тығыздығы мен оқшау орналасуы;

— жанғыш конструкцияларды қорғап тұратын бөліктердің болуы және олардың дұрыстығы;

— түтіндіктердің желді тіреу аймағынан тыс орналасқанына көз жеткізу үшін шатырға жақын ұшының, жақын орналасқан ағаштар мен құрылыстардың орналасуының дұрыстығы.

  1. Ағаш шатырларымен немесе қабатаралық жабындардың түйіспелеріндегі пеш, түтін тұрбасы кірпіштен жасалған кескіштің қалыңдығындай жуан болуы керек. Пеш қабырғаларының қалыңдығын да ұмытпау керек.
  2. Кез-келген пештің өзінің тәуелсіз іргетасы болуы керек және қабырғалардың біреуі бүкіл жазық бетімен ағаш конструкцияларға түйісіп тұрмауы тиіс. Олардың арасына ауасы бар аралық, яғни бос жер қалдыру керек. Пештің алдындағы ағаш еденге көлемі 50Х70 см-ден кем болмайтын метал қаңылтыр бекіту қажет.
  3. Жанып жатқан оты бар пешті қараусыз енемесе кіші жастағы балалардың қарауына қалдыру өте қауіпті.
  4. Пештегі отынды тұтандыру үшін жанғыш және оңай тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
  5. Пештің қатты қызып кетуіне жол бермеу үшін оны күніне екі-үш рет және бір жарым сағаттан асырмай жағу ұсынылады.
  6. Ұйықтаудан үш сағат бұрын пешті жағу тоқтатылуы тиіс.
  7. Қабырғалардағы жарықшақтардың пайда болуына жол бермеу үшін, оның ішіне жиналып қалатын күйені кезең-кезеңмен тазалу керек. Кем дегенде үш айда бір рет тұрбаны күйеден тазартуға тұрба тазалаушыны шақыртқан жөн.
  8. Пештің үстіне заттар мен дымқыл отынды кептірмеген жөн.
  9. Жиһаздардың, терезе перделерінің жанып жатқан пеш массивінен жарты метр алшақ тұруын қадағалаңыз.
  10. Пешке ұзындығы бойынша симайтын отын салып жағуға ешқалай болмайды. От ағаштың бойымен жақын тұрған заттарға, еден мен қабырғаға тиюі мүмкін.
  11. Температураның төмендеуі басталысымен тұрғын үй орын-жайын желдетудің бұзылуына әкелетін түтіндіктердің қатуы қауіпті. Қыста кемінде айына бір рет түтіндіктердің қатуы мен бітелуін болдырмау үшін түтіндіктердің ұштарын тексеру қажет. Үй иелері түтіндіктерде тиісті тартқыштың болуын тексеруге міндетті. Оның болмауы орын-жайды иісті газдың түзілуіне алып келуі мүмкін.

Главный специалист ГТН УКПДОПБ ДЧС ЗКО

капитан гражданской защиты М.К.Бисембаев

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар