20.12.2018, 14:52
Қараулар: 99
Улы газбен улану

Улы газбен улану

Газбен уланудың қайғылы оқиғаларын алдын алу бойынша Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері  рейдтік іс-шаралар өткізді.

Негізінде осындай жағдайлар аяздың алғашқы күндері, сұйық және қатты отында жылыту пештерін жағу кезінде тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетеді.

Сонымен бірге, улы газбен улану себептері жылыту пештерін пайдалану ережелерінің бұзылулары мүмкін (пеш жапқышын уақтылы емес жабылуы, пеш ішіне ауаның жеткілікті емес келуі, түтін тартуы шамалы), пештің және түтіндіктің жұмысы ақаулы (пеш құрылысында жарықтар, түтіндік бітелген).

Улы газда түсі мен иістің жоқтығы улы газды аса қауіпті болып етеді. Алғашқыда улану белгілерін айырып анықтау өте қиын, сондықтан, Сіз, аурудың себебі улы газ екенін аңғармайсыз. Бір бөлмеде болған барлық адамдардың ауру белгілері бірдей болғаны, улы газбен улану сәтін анықтауға мүмкіндік береді.

Көміртек тотығы кішкене шоғырлау кезінде уытты әсер ету мен уланудың бірінші белгілері пайда болады: көз жасының ағуы, бас ауруы және бас айналуы, әлсіздік және жүрек айнуы, құрғақ жөтел, есі шатасқан, көру және есту галлюцинациялары болу мүмкін. Улану белгілері болса, үйден жылдамырақ шығып, таза ауаға бару керек.

Улы газбен улану белгілері әртүрлі – бас ауруы, самайда соғу, жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық, қысқа уақытта талып қалудан бастап, сал ауруына, есін жоғалтуға, тыныс алу мен мидың қан айналуы бұзылуларымен кома жағдайына дейін болады. Ауыр оқиғалары жүрек қызметінің тоқталуына ұшырату мүмкін. Зардап шеккен адамға жедел госпитализация қажет.

Дәрігерді қүту кезінде науқасты таза ауаға шығару қажет – бұл ауруханадан тыс барша көмек. Кейін стационар жағдайында өттегіні ұзақ ингаляциялау, жасанды аппараттық тыныс алу; ағзаның зардап шеккен жүйелерінің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдары қолданылады.

Құрметті қала тұрғындары, адам өмірінің шығына жол бермеу үшін газды және өзге пештер мен жабдықты пайдалану кезінде өрт қауіпсізідігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы тағыда естеріңізге саламыз.

           М.С Нaзaров

Орaл қaлaсы Төтeншe жaғдaйлaр бaсқaрмaсының бaс мaмaны aзaмaттық қорғaу aғa лeйтeнaнты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар