14.12.2018, 23:42
Қараулар: 82
Филиал жұмысы жоғары бағаланды

Филиал жұмысы жоғары бағаланды

Тәуелсіздік  мерекесіне  орай  «Нұр  Отан»  партиясы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Мәулен  Сағатханұлы  Әшімбаев  партияның  Батыс  Қазақстан облыстық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары,  Қаратөбе,  Сырым  аудандарының  құрметті  азаматы,  «Құрмет»  орденінің  иегері  Серік  Кенжебекұлы  Сүлейменге  «Парасат»  орденін табыс  етті.

Партия төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген бұл марапат – облыстың 275 бастауыш партия ұйымдарына біріккен 34 197 партия мүшелерінің бірлесіп атқарған жұмыстарына берілген жоғары баға.

Соңғы бес жылда облыстық филиалдың жұмысы партияның орталық аппараты тарапынан жоғары бағаланып  келді.

2018 жылдың 6 қыркүйегіндегі Батыс Қазақстан облысындағы сапарының қорытындысы бойынша өткізілген партия активінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев облыстық филиал жұмысына оң баға берген болатын.

2016-2021 жылдарға арналған «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы облыстық филиалдың үнемі назарында.

Елбасы, партия төрағасының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің салалық бағдарламаларының орындалуы, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы Серік Кенжебекұлы жетекшілік ететін облыстық мәслихат жанындағы «Нұр Отан» партиясы фракция мүшелерінен құрылған комиссиялардың жіті қадағалауында.

Соңғы үш жыл бойы «Нұрлы жол» – «Нұрлы жер» бағдарламалары партияның бақылауы аясында, облыс көлемінде нәтижелі іске асып, мыңдаған жанұя баспаналы болды.

«Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалар аясында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар тұрақты қамқорлыққа алынып, олардың туындаған өмірлік, тұрмыстық мәселелері партияның араласуымен шешімін тауып келеді.

Партия төрағасының партияны жаңғырту бойынша тапсырмасын орындау барысында жаңа 20 партиялық жобаны іске асыру қолға алынды. Ішкі партиялық жұмыстарды ұйымдастыруда да жетістіктер де аз емес.

Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын жетілдіру бағытындағы әдістемелік көмек, ұйым жетекшілерін жүйелі партиялық оқыту нәтижесінде батысқазақстандық бастауыш партия ұйымдары республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» бай-қауында республика бойынша 6 мың бастауыш партия ұйымдары арасынан 2016 жылы 2-орын, 2017 жылы 1-орын, 2018 жылы 2-орын-ды иеленіп, алып марапатқа ие болды.

Халық пен атқарушы билік арасында дәнекер болып отырған партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарын оң шешуде республика бойынша алдыңғы қатарда келеді. Соның айғағындай осы құрылым республикалық «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауында 2014 жылы 3-орын, 2015 жылы 1-ші орынға ие болды.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді тірегі «Нұр Отан» партиясы, соның ішінде партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалына берілген жоғары баға, еліміздің «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруда партияның батысқазақстандық мүшелерінің жұмыстарына тың  серпін берері сөзсіз.

Бақытжан  САЛЫҚҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.