Көктайғақ кезіндегі халықтың жүріс-тұрыс ережелері

Көктайғақ — қатты жағдайға дейін тегістелген және үсті тайғанақ мұз немесе қар қабаты. Көктайғақ – мұз қатпас бұрын су тұрған жерлерде немесе көлік қозғалысына немесе жаяу жүргіншілердің көп болуына байланысты қар тығыздалатын жерлерде пайда болады. Көбінесе бұл жолдар мен тротуарлар да болады. Статистика бойынша, қысқы уақытта барлық ЖКО-ның 40%-ы көктайғақтан және қар жауудан туындаған. Жүргізушілер үшін қозғалыстың негізгі шарты-сақтық, төмен жылдамдық және айрықша сақтық. Көктайғақ кезінде жаяу жүргіншіге екі қауіп-қатер төнідеді ол-тайып кету және құлап қалу немесе машинаның астына түсу. Суық түскеннен бастап жолда жарақаталулардың саны өсуде: соғылу, шығып кету және сыну. Дәрігерлердің мәліметінше, мұндай күндері зардап шеккендер саны 2 есеге артып отыр.

Құлау ықтималдығын азайту үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

Табаны сырғанамайтын табаны микрокеуекті аяқ киімді таңдап, биік тақалы аяқ киімдерден бас тартыңыз. Өзіңіз аяқ астыңызға қарап, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер мұзды «шалшықты»  айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты сырғанай ақырындап қозғалыңыз. Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз.  Көлбеу (қиғаш) беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Аяқ киімнің табанын толық басып, аяқтың тізесін аздап босаң ұстап жүру керек. Қолдар мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмке көтермеуге тырысыңыз,  қолыңызды қалтаңызға салмаңыз — бұл құлау мүмкіндігін арттырады. Қарт  адамдарға резеңке ұштығы бар немесе арнайы ұшты таяқ қолдануға кеңес беріледі.

Егер тайып кеткен жағдайда құлау биіктігін төмендету үшін отыра қалыңыз. Құлау кезінде жиналып алуға тырысып, домалау арқылы жерге құлауды жеңілдетіңіз. Қолыңыздағы заттарды құтқаруға тырыспаңыз. Көтерілуге асықпаңыз, алдымен жарақаттанбағаныңызға көз жеткізіп алыңыз,  жүргіншілер денсізге көмектесуін сұраңыз.

Есіңізде болсын: әсіресе, арқамен шалқалап құлау қауіпті, себебі бас жерге соғылып ми шайқалуы мүмкін. Жарақаталған кезде медициналық көмек алу үшін міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз.

 

Орaл қaлaсы Төтeншe жaғдaйлaр бaсқaрмaсының бaс мaмaны aзaмaттық қорғaу aғa лeйтeнaнты  М.С Нaзaров