11.12.2018, 17:43
Қараулар: 308
Нұрлан СЕРҒАЛИЕВ, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор: «ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТЫ ЖАНДАНДЫРУДАМЫЗ»

Нұрлан СЕРҒАЛИЕВ, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор: «ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТЫ ЖАНДАНДЫРУДАМЫЗ»

– Нұрлан Хабиболлаұлы, сіз басқаратын ұжым еліміздегі педагог кадрларды дайындайтын іргелі оқу орны деп білеміз. Алдымен университеттің бүгінгі таңдағы оқытушы-профессорлар құрамы, олардың ғылыми деңгейі туралы айта кетсеңіз. Мамандар жеткілікті ме?

 

– Бірнеше буын ұрпақ білім алып, қанатын қаққан біздің білім ордамыз – батыс өңіріндегі негізгі ұстаздар ұстаханасы. 86 жылдық тарихы бар білім ордасы М. Өте-місов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – Қазақстанның көне жоғары оқу орындарының бірі, аймақтың мәдени, ғылыми, әлеуметтік және эконо-микалық дамыту орталығы болып табылатын білім ордасы. Оқу орнының ғасырға жуық баға жет-пес байлығы – тарихы мен дәстү-рін сақтау,  ол –  баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі таңда 346 профессор-оқытушы қызмет етуде, соның  155-і магистр, 139-ы ғылым кандидаты, 17-сі ғылым докторы, жетеуі PhD докторы. Мамандардың ғылыми әлеуетіне келер болсақ, елу пайыздан астамы жастар болып отыр. Бұл, бір жағынан, қуан-татын жағдай, екінші жағынан, жас мамандардың ғылыми әлеуетін көтерудің қиындығы да бар. Уни-верситетіміздің алдағы дамуын айқындайтын стратегиялық жоспары бар. Қазіргі таңда ғылыми бағытты жандандыруға бар кү-шімізді салудамыз. Ең алдымен, кадр мәселесі, жастарды ғылымға тарту мәселесін алға қоюдамыз. Жыл сайын ҚР Білім және ғылыми министрлігі тағайындайтын магистратура мен докторантураға мақсатты гранттар бөлініп келеді. Биыл әр түрлі мамандық бойынша 8 жас ғалым докторантураға жолдама алып, мақсатты грантты иеленіп отырмыз. Докторантураға түсуші үшін аталған гранттар аздық етері сөзсіз. Осы мақсатта жаңа оқу жылында университетіміз өз қаржысын төлеп, жас мамандарымызды аспирантураға жолдап отыр. Биылғы жылы 17 аспирант ақылы түрде Ресейдің ірі жоғары оқу орындарына жіберілді. Жас кадрларды дайындау, кафедралардың жас ғалымдармен ғылыми әлеуетін арттыру жолында жұмыстары-мыз басты назарда болары айқын. Ғалымдарымыздың қаржы-ландырылған ғылыми жобаларға қатысу көрсеткішін арттыру мақсатында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осы оқу жылында екі зерттеу зертханасы құрылды. Іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту бағытында университеттік ішкі гранттар бөлуді де жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар материалдық-техникалық  базаны жаңарту, ғылыми жоба нәтижелерін коммерцияландыру, өндіріске енгізу жұмыстарын жандандыруды арттыру басты назарда.

 

– Шетелдегі әріптестеріңіз-бен байланыстарыңыз қалай? Осы тұрғыда, алдағы жоспар-ларыңызбен бөліссеңіз?

 

– Университет бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық қызметі алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстарды ұйымдастыру және дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде бүгінде университетіміз таяу және алыс шетелдің 100-ге жуық жоғары оқу орнымен келісімшарт жасаған. Қазіргі уақытта Поль-
шаның Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир атындағы университетте шет тілі: екі шет тілі маман-
дығы бойынша, Германияның Гутенберг атындағы университетте дизайн, шет тілі, халықара-
лық қатынастар, АҚШ-тың мемлекеттік Миссисипи университетімен есеп және аудит, халық-
аралық қатынастар мамандықтары бойынша университет студенттері білім алмасса, жақын
шетелдік оқу орындарында география, химия, биология, информатика, менеджмент, мемлекет-
тік және жергілікті басқару, туризм, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және өнер мамандықтары бойынша М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен, Белгород мемлекеттік өнер және мәдениет университетімен, Астрахан мемлекеттік университетімен, Орынбор, Перм, Қалмақ мемлекеттік университеттерімен, Саратов мемлекеттік заң академиясымен, Ульянов мемлекеттік педагогикалық университетімен тығыз байланыс орнатудың нәтижесінде студенттер ака-демиялық алмасуы сәтті жүзеге асқан болатын. Аталған бағдарлама бойынша бакалавриатпен қоса магистранттарымыз да білім алмасуда. Профессор-оқытушылар құрамының академиялық алмасуында да нәтижелі жұмыс-тар атқарылуда.

Оқу орнының, университеттер-дің еуропалық қауымдастығына толық мүше болуы еуропалық білім мен ғылым кеңістігінде отандық білім мен ғылымның шетелде танытуға өз үлесін қосары анық. Өткен оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамыту-дың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  аясында жоғары оқу орнының топ-менеджерлігіне шетелдік мамандар тартылып отыр.

 

– Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде бүгіндері университеттер мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамту өте өзекті мәселе екендігіне назар аударғаны мәлім. Енді осы бағытта әңгіме өрбітсек. БҚМУ студенттерін жатақханамен толық қамту мәселесі қалай шешілмек?

 

– Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етуде. Тұлғаны қалыптастыру, оның шығар-машылық даралығын дамыту, сту-денттің бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру – бүгінгі білім беру  жүйесінің  басты  мақсаты.

Жас ұрпақты сапалы біліммен қаруландыру үшін ең алдымен оларға әлеуметтік-тұрмыстық, ма-териалдық жағынан да барынша қолайлы жағдайлар жасалу қажет. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі  назардан тыс қалған емес.

Университет студенттері қазіргі уақытта бес қабатты екі жатақхана, тоғыз қабатты студент-терге арналған жаңа жатақханамен (барлығы үш жатақхана) қамтылған. Қазіргі күні студенттерді жатақханамен қамту деңгейі 70%-ды құрайды.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» негізінде жаңа жатақхана салынатындығы қуантарлық жағдай. Осыған байланысты жатақхана құрылысына қатысты құжаттар бекітіліп, құзырлы құрылымдарға жолданды. Бар-лығы 500 орындық жаңа жатақхана іске қосылып, пайдалануға берілсе, біздің оқу орнымыз студенттерді жатақханамен қамтуда 100 пайыз көрсеткішке ие болады деген ойдамыз. Жаңа жатақхананың тапсырылу мерзімі 2020 жылға жоспарлануда. Пре-зиденттің бес әлеуметтік бастамасы жоғары білім алудың қол-жетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақ-ханадағы жағдайын жақсарту мақсатында оң нәтижесін берері айқын. Елбасы өз Үндеуінде «Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар оптимистік жоба» деген болатын. Елі қолдаған сол жастардың барлығы үшін жатақ-ханамен толық қамтылатын күн-нің де алыс емес екенін Елбасы Үндеуіндегі бес әлеуметтік бастама жобасы айқындап берді деп ойлаймын.

 

– Түрлі бағдарламалар ар-қылы студенттер шетелдерге барып, дәріс алып тіл үйрену-
де. Бұл бағытта БҚМУ студент-терінің  талпыныстары  қандай?

 

– Университет Польша мемлекетінің екі жоғары оқу орнымен  ЭРАЗМУС халықаралық бағдарламасы аясында әріптестік байланыста. Аталған бағдарламаға ағымдағы жылы оқытушылармыз бен бірнеше студентіміз қатысып отыр. Студенттер мен магистрант-тар Гутенберг университеті, Ұлы Казимир университеті, Флоренция университеті, Сангконхое университеті, Миссисипи университеті секілді серіктес жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алмасуда. Академиялық бі-лім алмасу студенттер үшін тілді жетік меңгерудің зор мүмкіндігі. Бүгінгі таңда университетте кіріс білім алмасуына және профессор-оқытушылық құрам мен жас ғалымдарға арналған оқыту семинарларын жүргізетін, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шетелдік профес-сорлардың жұмысына көп мән берілуде. Ағымдағы жылы университетімізде Германия, Польша, Ирландия, Хорватия елдерінен 9 шетелдік ғалым жұмыс жасаса, 2019 жылы Германия, Италия, Польша, АҚШ елдерінен әр түрлі ғылым саласындағы ондаған ғалымды шақыру жоспарланып отыр.

 

– 2017-2018 оқу жылын қанша студент тәмамдады? Олардың жұмыспен қамтылу, қызметке орналасу деңгейі сіздерді қа-нағаттандырады ма?

 

– 2017-2018 оқу жылы бары-сында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни-
верситетінде түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында бір-қатар шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында жұмыс берушілермен өткізілген дөңгелек үстелдер, түлектерді дербес та-
рату шаралары, дәстүрлі «Мансап күні» шараларын атап өтуге болады. 2018 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 1368 тү-лек бітірді. Бүгінгі таңда өткен оқу жылында университетті бітірген түлектердің 86,4%-ы жұмыс-пен қамтылған. Осы орайда айтып кететін жайт, республикалық деңгейдегі рейтингтерде түлектерді жұмысқа орналасу көрсеткішіне мән берілуде. Жалақысы жоғары жұмыс орындарына орналасқан түлектерге ие университеттердің рейтингісі жоғары болары сөзсіз, әлбетте. Педаго-гикалық мамандықтар бойынша бітірген түлектердің жұмысқа ор-наласу көрсеткіші техникалық ма-мандықтармен салыстыруға келмейтіні айқын. Осы тұста «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткізетін жоғары оқу орындары-ның рейтинг көрсеткіштеріне осы тұрғыдан өзгерістер енгізу қажет деп ойлаймын. Тағы бір ескерер жағдай, бітіруші түлектердің контингент мәселесі де ескерілуі тиіс. Бір мамандық бойынша жекелеген жоғары оқу орындарында үш студент бітіріп, жалақысы жоғары қызметке орналасуы мүмкін. Өзге жоғары оқу орындарында 30 студент бітіріп, үшеуі жұмысқа орналаспаса, көрсеткіштің де төмен болары айқын. Қазіргі таңда орталықтардың рейтингтердің баға-лау өлшемдері әр қилы болып келеді. Сондықтан министрлік тарапынан бірқатар рейтинг көрсеткіштерінің нәтижелерін, қорытын-дысын айқындауда бағалау критерийлерінің қайта қарау қажет тұстары да бар екендігі айқын болып отыр.

 

– Осы тұста жоғары оқу орындарына берілген академиялық еркіндік, басқару жә-
не қаржылай дербестік жағдайында ЖОО-ның талабы мен жауапкершілігі қалай күшейтіледі деп ойлайсыз?

 

– «Білім туралы» заңға түзету-лердің енгізілуі ЖОО білім бағ-дарламаларының жүйелі түрде жаңартылуы мәселесінің шешілуіне жол ашады деп ойлаймыз. Академиялық еркіндік мәселесіне келсек. Университеттердің енді жалпы білім беру цикліне жататын пәндерден басқа пәндерден типтік оқу бағдарламалары болмайды. Қалған пәндер білім бағдарламаларының 80 пайызын құ-
райды, сол пәндердің оқу бағдарламаларын әр ЖОО өздері жасақтай алады. Енді жоғары оқу
орындары үшін ең бастысы, кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары, өйткені бо-
лашақ білім бағдарламалары солардың негізінде құрылады. Бұрын барлық мамандықтар бо-
йынша бекітілген типтік бағдарламалар болды және ЖОО бағдарламаларының осы типтік бағ-дарламаларға сәйкестігі талап етіліп келді. Қазір бағдарламалар-дың 80%-ын мемлекеттік құры-
лым емес, нарық жасақтаған кәсіби стандарттар негізінде ЖОО өзі жасақтайды. Бұл сапа береті-
ні анық. Жалпы, студенттерге ака-демиялық талаптардың күшеюі, академиялық адалдық принциптерінің, антиплагиаттың енгізілуі, бағдарламаларды жасақтаудағы икемділік принципі және акаде-миялық дербестік, мұның бәрі сапаны қамтамасыз етуге жұмыс істейтіні айқын.

 

– Жас ғалымдарға, жалпы ізденіс жолында жүрген оқытушыларға қандай жағдайлар
жасалған?

 

– Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындай-тын магистратура мен докто-
рантураға мақсатты гранттар бөлінетінін айтқан болатынбыз. Докторантураға түсуші үшін аталған гранттар аздық етіп отырғаны айқын. Осы мақсатта жаңа оқу жылында университетіміз өз қаржысын төлеп, биылғы жылы 17 аспирант ақылы түрде Ресейдің ірі жоғары оқу орындарына жіберілді. Аспиранттарымыздың тек оқу ақысы емес, барлық шығын-дары университет есебінен төленеді. Жас кадрларды дайындау, кафедралардың жас ғалымдар-мен ғылыми әлеуетін арттыру жолында жұмыстарымыз басты назарда болары айқын. Жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында 15 000 000 теңгедей қаржыландырылған ішкі гранттар
бөліп отырмыз. Ішкі қаржылан-дырылған гранттық конкурсқа құжаттар қабылданып, нәтижесі ғылыми кеңес шешімімен бекітілгеннен кейін, келер жылдың басынан аталған жобалар бойынша жұмыстар жүзеге асады деген ойдамыз. Қазіргі таңда шет тілін меңгерудің қажеттілігі өзекті боп отырғаны айқын. Осы мақсатта университеттің жүзге жуық ғалымдарына дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасына сәйкес ағылшын тілінен курс ұйымдастырылып, IELTS тапсыруға мүмкіншіліктерін қарастырып отырмыз. Жас ғалым-дарымыздың, магистрант, докторанттарымыздың ғылыми зерттеу тақырыптарына орай зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында іс-сапарларға жіберіліп отырады. Қазақстандық докторантурада оқитын жас ғалымдарымызға да әлеуметтік қаржылай көмек көрсетілуде. Жаңадан келіп жатқан жас мамандарымызды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі тұр алдымызда. Университеттің қызметтік пәтерлері жас ғалымдарды толықтай қамтуға жетпейтіні айқын, дегенмен қай жағынан да мүмкіндіктерімізді пайдалануға бар күшімізді салудамыз.

Сұхбаттасқан 
Сырымбек   ЖӘРДЕМҰЛЫ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.