11.12.2018, 12:15
Қараулар: 316
Жас тілшілер фестивалі мәресіне жетті

Жас тілшілер фестивалі мәресіне жетті

Газетіміздің өткен санында облыстық «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің шымылдығы түрілгенін жазған едік. Екі күнге созылған фестиваль өткен аптаның жұма күні өз мәресіне жетті. «Жайық Пресс» медиахолдингі тұңғыш рет ұйымдастырған бұл жоба – тіршілігін тілшілікпен байланыстырғысы келетін жас жеткіншектердің тұсауын кесті.

Фестивальдың екінші күнінде қатысушылар қаланың көрікті жерлерін аралаумен қатар облыстық «Ақжайық» телеарнасының тыныстіршілігімен танысып, Мәншүк Мәметова атындағы облыстық тарихи мемориалдық музейін, сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейін аралады.

Бұдан кейін болашақ журналистер Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереевамен жүздесті. Сыр-сұхбат түрінде өрбіген келелі кездесуді «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының аға кеңесшісі Нұрсұлтан Мықтыбай жүргізіп отырды. Емен-жарқын әңгіме барысында жас өрендер ақын апаларына «Ең бірінші қолыңызға қалам мен қағаз ұстаған кезіңіз есіңізде ме? Өлең жазарда қандай тебіреністе боласыз? Қазіргі таңда әдебиетке келу құны төмендеп бара жатқан жоқ па? Бір өлеңіңізде қазақтың инабатты, ибалы, парасатты қыздарын іздеймін деп жазған болатынсыз, өлеңмен өрнектеген сол қызды өмірде кездестірдіңіз бе?» деген сұрақтарын қойды. Жаңақалалық Бақыт Ізбасар есімді оқушы Ақұштап Бақтыгерееваға арналған өлеңін оқып берді.

– Мен Қатира деген әжемнің тәрбиесінде болдым. Әжем шашымды ешқашан қидырмай, үнемі өріп, шашбау тағып қоятын. 11-сыныпқа келгенде қос бұрымымды күртешемнің ішіне сыйғыза алмай қор болатынмын. Қатира әжем «Сендер өскенде ақырзаман болмағанда не болсын, ақырзаман болғанда су тартылады, қарап тұрған жігітке қыз артылады» деп үнемі айтып отыратын. Әжемнің әлгі сөзінен қатты шошитынмын. Ол кездегі ата-әжелердің тәрбиесі бөлек еді ғой. Қазақ қызының намысы елдің намысы екенін мен 13 жасымнан бастап ұқтым. Сендер де осыны естеріңнен ешқашан шығармаңдар! Ал енді қанша жасымнан бастап өлең жазғаныма келетін болсам, 8-сынып оқып жүргеннен бастап жаза бастадым. Ең алғашқы өлеңім әкеме арналды. Әкеме арнаған себебім – мен дүниеге келгенде, әкем «Неге ұл бала болмады екен?» деп  ренішін білдірсе керек. Мен ұл баладан кем болмаймын, әкемнің үмітін ақтаймын деп іштей өз-өзімді қайрап өстім.

Мен өлеңді әуелі жүрегіме жазамын. Содан кейін барып қағазға түсіремін. Сендердің қойып отырған сұрақтарыңның жауабын менің өлең жолдарымнан табуға болады. Мен сендерге бір ғана нәрсе айтамын, қазақ қызының намысы ұлттың намысы екенін ұмытпаңдар. Қанша жақсы көрсеңдер де жігітке артылып, құшақтамаңдар. Ол өте ерсі қылық. Қазақ қызына тән емес. Менің өмірлік жолым сендерге үлгі болсын, – деді қазақ қызының қандай болуы керек екенін айтқан Ақұштап Бақтыгереева.

Кездесу соңында «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан  Сәбитов Ақұштап Бақтыгерееваға гүл шоғын табыстап, ризашылығын білдірді.

– Сіздерге екі күнде әсері мол қызықты сәттер сыйлай алдық деп ойлаймын. Осы екі күнде сіздер қаламгер аға-апаларыңыздың журналистикаға қатысты дәрісін тыңдадыңыздар. «Жақсымен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей» демекші, айтылған өнегелі әңгімелер, ұлағатты сөздер санасында саңлауы бар жастарға ой салды деп үміттенеміз. Алдағы уақытта сіздердің араларыңыздан қаламгерлер, бас редакторлар, мәдениет және қоғам қайраткерлері шығып жатса, біздің бүгінгі еңбегіміздің зая кетпегені деп білеміз, – деді Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен салтанатты шарада «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов.

Шарада тілші болуға талаптанған 41 жас жеткіншекке республикалық «Айқын», «Ана тілі», «Ұлан», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан заман» газеттерінің, сондай-ақ «Жұлдыз», «Парасат», «Қазақстан әйелдері», «Ақ желкен» журналдарымен қатар, «Астана радиосы», «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы» тағайындаған арнайы жүлделерді танымал ақындар Ақұштап Бақтыгереева, Ғайсағали Сейтақ, Айтқали Нәріков, Мұнайдар Балмолда, танымал журналист Есенжол Қыстаубаев, Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы, ақын Өмірзақ Ақбасов, «Жайық үні» газетінің бас  редакторы, жазушы Мира Шүйіншәлиева, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова және саналы ғұмырын кітапхана саласына арнаған Роза Исатаева  табыстады.

Шара барысында қаламыздағы №20 мектептің оқушылар триосы «Қазақтың баласы» әнін шырқаса, «Туған жер», «Аманат», «Қазақтың баласы», «Мен қазақпын!» әндерін  Әлихан Әжмұратов, Жұлдыз Қапезова, Аружан Бисенбай есімді жас өрендер әуелете шырқады.

Фестивальдың жоғары деңгейде өтуіне бір кісідей атсалысқан БҚО білім басқармасы мен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығын ерекше атап өтуге болады.

Есенжол   ЕЛЕКЕНОВ,

«Орал   өңірі»

«Өрімталдың»   жүлдегерлері «Астана радиосының» жүлдесіне ие болған:

 Зерігүл  ӘЖМҰРАТОВА (Шыңғырлау ауданы,  Л. Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы).

«Шалқар радиосының» жүлдесін  иеленген:

Жанаргүл  СЕРІК (Жәнібек ауданы,  Тайыр Жароков атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы).

«Қазақ радиосының» жүлдесін алған:

Жібек  АЙДЫНҒАЛИ (Қазталов ауданы, Бостандық жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы).

Әтина  Жәкетова атындағы жүлдені иеленген:

Тоғжан  БАЙКЕНОВА (Қазталов ауданы, Бостандық  жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы).

Мария  Қарақунақова атындағы жүлдегер:

Ақнұр  МАХАМБЕТ (Бөкей ордасы ауданы,  Б. Жәнекешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы).

Хасиба Сейтқазиева атындағы жүлдегер:

Райса  КЕНЖЕҒАЛИЕВА (Жаңақала ауданы, Жаңақала мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы).

Ырза Қунақова атындағы жүлдегер:

Ақбота  БАЛПЕЙСОВА (Сырым ауданы, Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Баққожа Мұқай атындағы жүлдеге ие болған:

Ажар  ШӘРІПҚАЛИ (Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы).

Сәкен Иманасов атындағы жүлдегер:

Лаура  ҒҰБАШЕВА (Ақжайық ауданы, Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің 11-сынып оқушысы).

Светлана  Галиева атындағы жүлдегер:

Балнұр  СЕБЕП (Теректі ауданы, №1 Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы).

Максим  Зверев атындағы жүлдегер:

Мералы  БОСАЙ (Қаратөбе ауданы, Б. Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Бейсебай Кірісбаев атындағы  жүлдегер:

Аслан  НҰРАЗҒАЛИЕВ (Бөрлі  ауданы,  Ақсай  қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің  11-сынып  оқушысы).

Бердібек Соқпақбаев атындағы жүлдеге ие болған:

Нұршат  МҰХАНБЕТҚАЛИЕВА (Бөкей ордасы ауданы, Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Дидахмет Әшімханұлы атындағы жүлдегер:

Гүлназ  ЖАСТАЛАПОВА (Жаңақала ауданы,  С. Меңдешев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы).

Фариза Оңғарсынова атындағы жүлдені алған:

Гүлайназ  САРСЕНҒАЗИЕВА (Ақжайық ауданы, Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің 9-сынып оқушысы).

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдегер:

Мөлдір  НИЕТҚАЛИ (Орал қалалық білім беру бөлімі мектептен тыс жұмыс орталығының «Жас тілші» үйірмесінің мүшесі).

Әзілхан Нұршайықов атындағы жүлдегер:

Мадина ИБРАГИМ (Зеленов ауданы, Дариян мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы).

Тұманбай Молдағалиев атындағы жүлдегер:

Гауһар ТАТАХАНОВА (Тасқала ауданы, Ақтау мектеп-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы).

Қадыр Мырза Әли атындағы жүлдегер:

Айсара МҰХИТОВА (Орал қаласы, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы).

Балтабай Әділ атындағы жүлдені алған:

Кәмила МҰРАТОВА (Тасқала ауданы, Атамекен мектеп-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы).

Дидар  Төлеуіш атындағы  жүлде иесі:

Ернұр БЕЙБІТОВ (Теректі ауданы, Госплемстанса жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы).

Рахымбай Ханалы атындағы жүлдегер:

Аделина ИБРАШЕВА (Қазталов ауданы, Қайынды жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Жұмабек Кенжалин атындағы жүлдегер:

Айлен ІЗІМҒАЛИЕВА (Теректі ауданы, Госплемстанса жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы).

Марат Қабанбаев атындағы жүлдегер:

Толқын АБЫЛАЙ (Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Сабыржан Шүкіров атындағы жүлдегер:

Риза  ХАЛЕНОВА (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Сайын Мұратбеков атындағы жүлдені алған:

Гүлсезім СҮЙЕУҒАЛИЕВА (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы).

Әбіш  Кекілбаев  атындағы  жүлдеге  қол  жеткізген:

Асылай  БЕКЕНОВА (Қаратөбе ауданы, Аққозы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Бақтыгерей Құлманов атындағы жүлдегер:

Саябек  БИСЕНҒАЛИ (Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы).

Уәлитхан Танашев атындағы жүлдегер:

Альмира ӘЛМЕМБЕТ  (Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы).

Сәтімжан Санбаев атындағы жүлдегер:

Қаракөз  ХАМЗИНА (Орал қаласындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы).

Сағат Әшімбаев атындағы жүлдегер:

Алина ЖАЛҚАТОВА (Тасқала ауданы, Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы).

Сәкен Жүнісов  атындағы жүлдені иеленген:

Жанерке  МАТЫШОВА (Сырым ауданы, Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Тәкен Әлімқұлов атындағы жүлдегер:

Аружан  ӘДІЛХАНОВА (Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы).

Оралхан Бөкей атындағы жүлдегер:

Бекназар  БЕРІКҚАЛИ (Жәнібек ауданы, Ғ. Сарыбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы).

Мұқағали  Мақатаев  атындағы  жүлдеге  ие  болған:

Талант УӘЛИЕВ (Бөкей ордасы ауданы, Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы).

Шерхан Мұртаза атындағы жүлдегер:

Ернияз  ЕРСАИНҰЛЫ (Зеленов ауданы, Дариян мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы).

Ілияс  Жансүгіров  атындағы  жүлдегер:

Бекзат ҚАНАДІЛОВ (Сырым ауданы, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы).

Бейімбет  Майлин  атындағы  жүлдегер:

Ғаділ  АМАНДЫҚ (Орал қаласы, №40 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы).

Сәбит  Мұқанов  атындағы  жүлдегер:

Ізбасар  БАҚЫТОВ (Жаңақала ауданы, Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы).

Мұхтар Әуезов атындағы жүлдегер:

Ғасыр СЕРІКҰЛЫ (Зеленов ауданы, Достық жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы).

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.