10.12.2018, 21:52
Қараулар: 136
315 пәтер дайын

315 пәтер дайын

Жуырда облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылаған жиын өтті. Басқосуға бағдарламаға қатысушы құрылыс компанияларының өкілдері және екінші деңгейдегі банктер филиалдарының басшылары қатысты.

– Елбасының бес әлеуметтік бастамасына сәйкес «7-20-25» бағдарламасы орындалып, тұрғындар баспанамен қамтылуы керек. Бұл – тұрғындар үшін де, құрылысшылар мен банктер үшін де тиімді бағдарлама. Бірқатар тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды, үйлер пайдалануға берілуге дайын, – деп атап көрсетті Алтай Көлгінов.

Қазірдің өзінде осы тиімді бағдарлама арқылы өңірімізде 117 отбасы баспаналы болған. Құрылыс компаниялары өкілдерінің айтуынша, Орал қаласында тағы 315 пәтер өз иелерін күтуде. Бүгінде «ЦентрКредит банкі» тұрғындардан өтініш қабылдау бойынша алдыңғы қатарда келеді. Облыс әкімі аталған бағдарламаны жүзеге асыруда басқа банктерді де халықпен белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Облыс  әкімінің баспасөз  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.