7.12.2018, 20:51
Қараулар: 88
Дамир Исмағұлов Оралда

Дамир Исмағұлов Оралда

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Абсолютті жекпе-жек чемпионатында (UFC) ММА аралас жекпе-жегі бойынша алғашқы жеңіске қол жеткізген  Дамир Исмағұловпен кездесті.

Дамир Исмағұлов – ММА аралас жекпе-жегі бойынша кәсіби спортшы, жеңіл салмақта М-1 чемпионы, аралас жекпе-жек бойынша Ресей кубогінің жеңімпазы, әмбебап ұрыстан Ресейдің спорт шебері, сондай-ақ әскери қоян-қолтық ұрыс шебері. Дамир австралиялық спортшы Алекс Горджесті алғашқы жекпе-жегінде жеңген тұңғыш қазақ екенін де айта кетейік.

Облыс әкімі жас спортшыны жеңісімен құттықтап, қадамына сәттілік тіледі.

– Елбасымыз айтқандай, бұқаралық спортты дамытуға айрықша назар аударуымыз қажет.

Спортпен кәсіби тұрғыда шұғылдануды қолға алған адам алғашында бұқаралық спортпен айналысудан бастайды. Кейін әр спортшы өзінің басым бағытын айқындайды. Спортшылар әрдайым елдің алдында. Олар өздерінің дене сымбатымен, сырт келбетімен, салауатты ұстанымдарымен жастарға үлгі, – деді Алтай Сейдірұлы.

Өз кезегінде сөз алған спортшының айтуынша, оған UFC жеңісі оңайлықпен келмеген. Өзге елдің табиғи ерекшелігіне де бой үйретуге тура келіпті.

– UFC айқасы – мүлде өзге деңгей. Сол себепті жекпе-жек өте қиынға соқты. Биыл Австралияда өткен бұл сайыста көрермендер өздерінің жерлесі Алекске жанкүйерлік танытумен болды. Кейін әрбір соққым мен әдісім олардың ризашылығын туғыза бастағанын сезіндім. Жекпе-жек аяқталған соң жанкүйерлер менің қасыма жақындап, көк туымызды көрсетіп «Бұл қай елдің туы?» деп сұрай бастады. Шетелдіктерге жеңісім арқылы Отанымды танытқаныма аса қуаныштымын, – дейді Дамир Исмағұлов.

Евгения  МАКСИМОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.