Дала абызына ескерткіш

Күні , 42 рет оқылды

Таяуда шыңғырлаулықтар тағы бір қуанышты сәттің куәсі болды. Ауданымыздың көркіне көрік қосқан Асан қайғы бабамыздың ескерткіші ашылды.

Таяуда шыңғырлаулықтар тағы бір қуанышты сәттің куәсі болды. Ауданымыздың көркіне көрік қосқан Асан қайғы бабамыздың ескерткіші ашылды.

Елбасының  жақында ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті  қыры» мақаласындағы «Дала фольклорының антологиясы» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» айдарында айтылғандай, атақты және тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер орнату бағытындағы шараларға орай аудан орталығында «Дала аңызы» атты Асан қайғы бабамыздың мүсіні бейнеленген шағын архитектуралық нысан бой көтерді.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Альберт Есалиев Асан қайғы бабамыз туралы аңыздарға тоқталып, осынау архитектуралық нысанның мән-маңызын айтқан соң, жергілікті өнерпаз Азамат Қалиев «Жерұйық» күйін орындады. Одан кейін ауданымыздың зейнеткер ұстазы Кітәбия Абдуғазиева мен  облыстық «Эрудит»  байқауының жеңімпазы, 11-сынып оқушысы Темірлан Байғалиев ескерткіштің ашылу рәсімін жасады.

 Көлемі 6 шаршы метрді, биіктігі 2 метрді құрайтын ескерткіштің бой көтеруіне ауданнан шыққан меценат Юсуп Қазиев демеушілік жасады. Ал ескерткіштің авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Ибрагим Айгенов. Суретші-мүсіншілер Ахмет Ерғалиев пен Зәкижан Исламбеков автормен бірлесе отырып, ескерткішті оны екі ай уақыт ішінде аяқтады.

Айсұлу   АРЫСТАНОВА,

Шыңғырлау   ауданы


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика