Чемпион туған жерінде

Күні , 28 рет оқылды

Таяуда қазталовтықтар Румыния астанасы Будапеште өткен самбодан әлем чемпионатының жеңімпазы Нұрбол Серіковті қарсы алды. Дүниежүзілік доданың жеңімпазына аудан халқының ықыласы ерекше болды.

Отанымыздың абыройын асқақтатқан азаматты аудан әкімі Абат Шыныбеков қабылдады.

– Бүгін – аудан үшін ерекше күн. Мереке қарсаңында чемпионымызды қабылдап отырмыз. Шағын ғана ауылдан түлеп ұшқан азаматтың мұндай жеңісі – біз үшін мәртебе. Осындай жеңісті күнде көк байрақты желбіреткен сізді  жас ұрпақ үлгі тұтады.  Өзіңізбен бірге бапкерлеріңіз де келіп отыр. Бұл кісілерге де өзімнің алғысымды айтқым келеді. Спортшының бабын келістіріп додаға салудың өзі өнер. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Нұрболдың бағы жанды, – деді аудан басшысы. Чемпион мен оның бапкерлеріне аудан әкімінің атынан алғысхат пен сыйлықтар табысталды.

Гүлнұр   ҚАЗБЕК,

Қазталов   ауданы


Тегтер:


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика