Қауіпсіздіктің маңызды екенін әркім білуі тиіс!

Күні , 23 рет оқылды

Жыл сайын ақаулы жылыту құрылғылары арқылы немесе оларды өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарымен пайдалану арқылы туындаған өрттер саны көбеюде. Жаңа жылыту маусымы енді басталғанына қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы шақыртуларға шығуда.

 Түрлі жылыту жүйелеріндегі проблемалармен байланысты өрттер көбінесе егде жастағы адамдар тұратын ауылдық жерлерде орын алады, оларға жылыту маусымы басталғанға дейін пештер мен түтіндіктерді тексере алатын мұржа тазалаушы шеберді және мамандарды табу қиын.

Отынның қатты бөлшектері жанған кезде егер мұржалар тазартылмаған болса, олардың ішкі бетінде ыс немесе күйе түріндегі шөгінділер пайда болады, бұл жақсы жағдайда жылу қондырғысының тиімділігін төмендетеді, ал нашар жағдайда өнімдердің қарқынды жануын туындатуы мүмкін. Жану мұржаның барлық ішкі бөлігінде тез таралып, нәтижесінде ондағы температура 1000 градусқа дейін көтеріледі, бұл сәйкесінше үйге қауіп төндіреді.

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жылыту құралдары мен жабдықтары, егер пайдалану шартында  басқа мерзім көрсетілмесе, жылына екі рет тексерілуі тиіс. Бұдан басқа, қажет болған жағдайдаоларды күйеден үнемі тазартып отырған жөн. Мұржалар мен пештерді жылыту маусымының алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезеңінде тазалаған жөн. Ұзақ жанатын жылыту пештерін айына бір реттен сиретпей, ал басқа жылыту құралдарын айына екі рет тазалау керек.

Ағашпен жылытатын пештерді қолданатындар мұндай пештердің уақыт өте келе «тозып» метал қаптамасы жанып кетіп, пештің үстінде жарықтар пайда болуы мүмкін екенін, солар арқылы орын-жайға түтінді газ шығатынын ескергені жөн. Мұндай плиталарды күнделікті қолданысқа қауіпсіз ету үшін пайда болған жарықтарды мұқият майлап, бөлшектерді немесе бүкіл пешті тұтастай уақтылы ауыстырып, оларды кезең сайын жаңғыртып отыру керек.

ӨҚСПжәнеБҚБ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты

АмиржанЖаскайратовичКадыров



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика