21.11.2018, 20:48
Қараулар: 160
Жаңалықты жеткізудің тың әдісі

Жаңалықты жеткізудің тың әдісі

Қарашаның 20-21-і күндері «Жайық Пресс» медиахолдингінде «Жаңалықтарды мультимедиа көмегімен әзірлеу және тарату жолдары» тақырыбында тренинг өтті.

Шараны ашқан «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Рауан Сәбитов бұл жолғы тренингтің ерекшелігіне тоқталып өтіп, әріптестеріне сәттілік  тіледі.

— Бүгінгі таңда әлемде мультимедиялық журналистиканың дәуірі жүріп тұр. Біз, соның ішінде қазақ тілді журналистер заман көшінен қалмауымыз керек. Сол себепті АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен осы жобаны жүзеге асырудамыз. Мақсатымыз – жаңалықты жеткізу жолдарының әлемдік талапқа сай тәсілдерін үйрету, – деді тренингті ұйымдастырушы «IQ-АRNA» қоғамдық қорының жетекшісі Әйгерім Ағылтаева.

Тренингте танымал медиатренер Асхат Еркімбай мен FactCheck.kz cайтының мультимедиа маманы Баубек Сағындық тәжірибелерімен бөлісті. Олар БАҚ өкілдеріне жаңалықты берудің әдіс-тәсілдері, жаңалықты мультимедияландыру, әлеуметтік желіде  жариялап, тарату, визуалды графика туралы айтты.

Шеберлік сыныбына  қатысқан облыстық, аудандық газеттердің, республикалық, облыстық телеарналардың, «Жайық Пресс» сайтының тілшілері мен кейбір мекемелердің баспасөз хатшылары шара соңында халықаралық талапқа сай сертификаттар алды.

Мәди  ЫҚЫЛАС

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.