21.11.2018, 20:46
Қараулар: 69
«Батыс Білім Talks» лекторийі

«Батыс Білім Talks» лекторийі

Орал қаласындағы №42  «Ақ  ниет» гимназиясыда «Батыс Білім Talks» білім беру лекторийі жобасының IV сессиясы өтті.

Бұл шараға облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова, «Almatu Management University» президенті, білім саласындағы сарапшы Асылбек Қожахметов, мектеп директорлары мен білім саласының қызметкерлері қатысты.

Сессияның мақсаты – білім  беру  жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен трендтері, облыстың білім беру жүйесіне инновациялық  және технологиялық шешімдерді енгізу, білім беру үдерісі қатысушыларының құзыреттілігін  арттыру.

Сессия  жұмысына жетекшілік еткен облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызының айтуынша, аталған лекторий өз жұмысын биылғы жылдың сәуір айынан бастаған. Осы кезге дейін бірнеше рет өткен басқосуда білім саласының сарапшылары мен үздік мамандары өз тәжірибесімен бөліскен. Өңір ұстаздары үшін маңызды шара алдағы уақытта да   жалғасын таппақ.

Нұрбек   ЗӘКӘРИЯҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.