19.11.2018, 18:11
Қараулар: 18
«ҚАУІПСІЗ ҚЫС» АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

«ҚАУІПСІЗ ҚЫС» АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Өрттердің көбісі тұрғын үй секторында яғни, адамдардың кінәсінен орын алуда. Негізгі өрттердің себептері ол – электр сымдарының жарамсыздығы, төсек орнында жатып темекі шегу, пайдаланып жатырған электр құрылғыларын қараусыз қалдыру, балалардың отпен ойнауы.

Осыған байланысты, адамдардың қаза болуына жол бермеу, сондай-ақ облыс аумағында қыс мезгілі кезінде келеңсіз жағдайларды тұрақтандыру мақсатында 2018 жылдың 19 қарашасынан бастап 28 желтоқсан айы аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында «Қауіпсіз қыс» азаматтық қорғау айлығы жарияланды. Осы мақсатта, БҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері «КазТрансГазАймак» АҚ БҚӨФ өкілдерімен бірлесіп Орал қаласындағы тұрғын үйлерге рейд жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында, жеке және көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарына тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, мұз айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрғындардың назарына «Улы газ» және «Тұрмыста электр қорндырғыларын пайдалану кезіндегі ережелер» тақырыбындағы жаднамалар таратылды.

«КазТрансГазАймак» АҚ БҚӨФ қызметкерлері табиғи газды тұтынушыларға тұрмыстық газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті. Абоненттерге үйде тұрмыстық газ плиталарын қолданудағы ережелер түсіндіріліп, аталған тақырыпта жаднамалар таратылды.

Осы бағыттағы іс-шаралар облыстың барлық аудандарында әрдайым жүргізіледі.

БҚО ТЖД

ӨҚСБжПҚБ ӨМБТ бас маманы

азаматтық қорғау капитаны

Мирас Алекешев

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар