19.11.2018, 13:05
Қараулар: 17
Газбен улану және оның зардабы

Газбен улану және оның зардабы

Ағымдағы жылғы қараша айының 16 күні БҚО ТЖД Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Казтрансгазаймақ» акционерлік қоғамының Ақжайық аудандық филиалының қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үйдегі улы газдан уланудың, адам өлімін алдын алу мақсатында Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғын үйлерінде ауыл аралық шолуы ұйымдастырылды. Рейд барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлердің жылыту пештеріне және газ плиталарына басты назар аударылды.

 Жер үйде тұратын адамдар жылуды ұстап тұру үшін кейде байқамай, мұржаны ерте жауып тастайды. Жанған оттың табы басылмай тұрып, түтін шығатын жерді бітеп тастаған соң, сол жерде иісті газ жиналып, адамның өміріне қауіп төндіреді. Керосин шамының нашар жануы, газ плиталарының ашық қалуы да осындай зиянды газдардың пайда болуына себепші болады.

      Газбен уланған адамның ең алдымен, маңдайы мен самай тұсы ауырып, басы айналады, жүрегі айнып, кейде құсады. Бірте-бірте әлсіреген адам маужырап, кейде ұйықтап та қалады. Кей жағдайда уланған адамның құлағы шыңылдап, есінен танады, терісі, беті қызарып, жүрегі қатты соға бастайды. Уланған адам қауіпті жерде одан әрі жата берсе, бұлшық еттері әлсірейді, нәтижесінде жүректің соғуы тоқтайды. Қатты уланған адам тыныс жолдарының жансыздануы салдарынан демалысы біржолата тоқтап, өліп кетуі де мүмкін.

Сақтану жолдары

      Газбен уланбас үшін жылу жүйесіне мұқият қарап, көліктің қауіпсіздік шартын түгел орындаған жөн. Пештің аузына мұқият болып, ішіндегі от түгел жанып біткенше, мұржаны жаппау керек. Жабық гаражда көлікті от алдыруға болмайды, жиналып қалған газ зиянын тигізуі мүмкін. Моторы сөнбеген көліктің ішінде ұйықтауға болмайды.

    Ауру-сырқаудан аман жүру көп жағдайда адамның өзіне байланысты. Ауырып емделгенше, аман жүруге тырысайық, ағайын!

  Ақжайық ауданы ТЖБ бас маманы

  азаматтық қорғау аға лейтенанты Рауан Шарханұлы Кашкинбаев

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар