30.10.2018, 18:34
Қараулар: 94
2 мың тонна ет – экспортқа

2 мың тонна ет – экспортқа

Өңіріміздегі Ресеймен шектесетін кейбір ауыл-аудандарға қарағанда, шекарадан алшақтау жатқан аудандардың ет экспорттауға деген құлшынысы ерен.

Елбасы Жолдауларында ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде етті сыртқы нарықтарға шығаруды 2,5 есеге ұлғайту міндеті қойылғаны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, биылғы тамыз айынан бергі уақытта мемлекеттік шекара сызығынан алшақтау жатқан үш аудан шаруаларының ет экспорттауға деген ұмтылысы қарқынды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақовтың айтуынша, Қаратөбе ауданындағы «Сатыбалды» шаруа қожалығы (жетекшісі – Е. Мұқанов) Ресейдің Самара қаласына 10 тонна ірі қараның етін шығарып үлгерді. Жаңақала ауданындағы «Бірлік» мал зауыты» ЖШС (жетекшісі –  Қ. Ешімов)  көршілес ресейліктерге 15 тонна, Ақжайық ауданындағы «Батыс Нық» мал сою пунктін жалға алып отырған «Batys Meat» ЖШС 19 тонна ет өткізді. Тек осы үш ауданның ет экспортына қосқан  үлесі  44  тоннаны  құрап  отыр.

Биыл батысқазақстандық тауар өндірушілер сыртқа 2 мың тонна ет шығаруды жоспарлаған. Бүгінде ол 1 915 тоннаға жетіп, 95,8 пайызға орындалған. Ал қой етін сыртқа шығару көлемі 180 тонна болса, қазіргі уақытта 494 тонна ет экспортқа шығарылып, межені үш есеге жуық артығымен орындауға қол  жеткізілген.

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал  өңірі»

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.