30.10.2018, 17:39
Қараулар: 24
Агроөнімдерді экспорттау 31,6 млн. долларға жетпек

Агроөнімдерді экспорттау 31,6 млн. долларға жетпек

Қазанның 1-інен бастап «Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру» атты жаңа тұжырымдама күшіне енді.

Соған орай БҚО ауыл шаруашылығы басқармасында  өткен алқалы жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов бұл тұжырымдама Елбасының биылғы Жолдауына негізделіп әзірленгенін атап өтті. Бұл құжат ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін, өңделген өнімді экспорттау көлемін арттыруды мақсат тұтады. Мәселен, аталмыш саладағы еңбек өнімділігі ақшалай көрсеткіш бойынша өткен жылы 1,1 млн. теңге болса, 2022 жылы ол 2,6 млн. теңгеге жуықтауы керек. Ал өңделген агроөнімді сыртқы нарыққа шығару былтыр 15,8 млн. долларды құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 31,6 млн. долларға жетуі тиіс. Сондай-ақ АӨК-тің жалпы өнімін (қызметін), салаға инвестиция тартуды екі есеге дейін көбейту де жоспарда бар.

Жиынға қатысқан мемлекеттік құрылым, қаржы институттарының өкілдері, шаруашылық жетекшілері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, осы бағдарламада айтылған нәтижеге қол жеткізу үшін алда тұрған жоспарларды талқылады.

Мәди ЫҚЫЛАС

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар