30.10.2018, 15:01
Қараулар: 63
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңды факт туындағаннан кейін міндетті түрде алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуден өткізіңіз

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңды факт туындағаннан кейін міндетті түрде алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуден өткізіңіз

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес заңды факт (мысалы мәмілені нотариалды куәландырғаннан кейін, сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, басқа да құқықбелгілейтін құжат берілгеннен кейін) туындағаннан кейін жылжымайтын мүлікке меншік құқығы міндетті түрде 6 айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуге жатады.

Жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің белгіленген мерзімін бұзуы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 460-бабымен көзделгендей, ескерту жасауға әкеп соғады.

Ескерту түрінде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет жеке тұлғаларға – 10 АЕК (24050 теңге), заңды тұлғаларға – 20 АЕК (48100 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бірақ, ҚР ӘҚБтК 811-бабына сай тұлға 7 тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшерін төлеуге құқылы.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

Осыған байланысты, әкімшілік жазаны болдырмау үшін азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын уақытылы тіркеу қажет.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін жылжымайтын мүліктің орналасқан мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-на немесе нотариуске жүгінуге болады.

Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын

ұйымдастыру бөлімінің басшысы  А.Амангельдина

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.