Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Сергей Евгеньевич Доля тағайындалды.
Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады.
Әр жылдары:
– «Оралэнерго» АҚ Орал қалалық филиалының бақылаушысы, учаскенің бастығы, учаске шебері;
– «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясында» бақылаушы, инженер, сервис бастығы, қалалық филиалдың бас инженері.
Ал 2013 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ қалалық филиа-лының басшысы қызметін атқарды.