21.09.2018, 22:14
Қараулар: 250
«Ұлы дала мұрасы»

«Ұлы дала мұрасы»

Бейсенбі күні күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған домбырашылардың «Ұлы дала мұрасы» атты республикалық байқауы қорытындыланды. Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде өткен өнер додасына елімізге танымал  Айгүл Үлкенбаева, Ермек Қазиев, Орынбай Дүйсен секілді дәулескер күйші-домбырашылар  қазылық еткен болатын.


— Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде тың жобалар жүзеге асуда. Соның бірі де бірегейі деп тарихта есімі қалған жерлесіміз, күй атасы – Құрманғазының 200 жылдығына арналған шаралер легін айтар едім. Құрманғазы бабамыздың есімін ұлықтау мақсатында конференциялар ұйым-дастырылып, 1700 адамнан құ-ралған ансамбль өнер көрсетті. Осындай тойлар елімізде өте берсін. Өнерлі жастарымыз бай-қауларда топ жарып, өнерімен өрге жүзсін. Байқау барысында жастардың домбыраға деген сүйіспеншілігін, күй тартудағы ерекше шеберліктерін байқадық, — деді қазылар алқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Бөкей ордасы ауданының тумасы, бүгінде  Құрман-ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Жасқайрат Мұқасов жеңіп алды. Ал бірінші орын оралдық Жасұлан Зинеденге бұйырса, екінші орынды алматылық Ақбө-
кен Темір, үшінші орынды алма-тылық Қайрат Жұмағалиев еншіледі.

— Елбасы «Домбыра – қазақтың паспорты» деп жиі айтады. Бұл сөз жүрегіме ерекше қонады.  Өйткені қазақ деген сөзбен домбыра ұғымы қатар жүреді. Мемлекет тарапынан осындай бастамаларға көңіл бөлінуі рухани жаңғыруымызға жасалған үлкен қадам деп есептеймін. Халықтың еңсесі көтеріліп, рухы өсті. Бай-қауға қатысушыларды екі күн бойы тыңдадық. Осы топырақта туған жастардың домбырада озық тұруы заңдылық секілді. Өйткені олар бала күнінен Құрманғазының күйлерін саналарына сіңіріп өскені домбыра қағысынан-ақ көрініп тұр. Жасқайраттың бас жүлдеге ерекше дарынымен қол жеткізгеніне ешкімнің таласы жоқ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқитыны ғана болмаса, ол – осы өңір-дің тумасы. Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжін тәмамдаған. Сонымен қоса батысқазақстандық домбырашылар Қазақстанның рекордтар кітабын жаңғыртқанына куә болғанымды мақтанышпен айта  аламын, – деді елге танымал дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева.

Домбырашылардың республи-калық байқауы жеңімпаздардың гала-концертіне  ұласты.

 

Гүлсезім БИЯШЕВА,

«Орал өңірі»

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.