30.08.2018, 2:08
Қараулар: 111
Құрметті батысқазақстандықтар!

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

30 тамыз – қазақстандықтар үшін айшықты күн, еліміздің болашағын айқындаған тарихи күн.

Біздің Ата Заңымыз әрқашан азаматтардың құқығы мен бостандығының, алдағы даму жолымыздың, халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының кепілі болады.

Бүгінгі таңда біз әлемдік аренада дамудың даңғыл жолына бастар үлкен әлеуетін сәтті жүзеге асырып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде өзіміздің позициямызды айтарлықтай нығайттық.

Республикамыздың гүлденуіне, соның ішінде өңіріміздің дамуына үлесін қосып, маңдай терін төгіп жүрген барлық батысқазақстандыққа өз ризашылығымды білді-ремін. Отанымызды көркейту бағытындағы істер алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімім мол.

Құрметті жерлестер, сіздерді Конституция күнімен құттықтай отырып, денсаулық,  бақыт  және  барлық  игі  бастамаңызға  табыс  тілеймін!

 

 

Ізгі тілекпен

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Алтай Көлгінов

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар