Айт қабыл болсын, ағайын!

Бүгін – биылғы Құрбан айттың алғашқы күні. Таңғы айт намазынан кейін исі мұсылман 18 мың ғаламды жаратқан құдіреті күшті Алла тағаланың ризалығы үшін құрбан шалуға кірісті. Құрбанды айттың үшінші, яғни соңғы күні екінді намазға дейін шалуға болады. Үшбу діни мереке-мейрамның тарихы, мән-маңызы және құрбандыққа шалынатын малдың жай-жапсары жөнінде өткен бейсенбіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысындағы өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы ұйымдастырылған брифингте БАҚ өкілдеріне баяндады. Біз өз кезегімізде аталмыш жиыннан материал жариялап, имам айтқан дерек-дәйектерді газетіміз арқылы жамағатқа жеткіздік («Құрбан айт тамыздың 21-і басталады», «О.ө», №95, 18.08.2018).

Ендеше, Айт қабыл болсын, әлеумет! Үлкен-кішіміз, алыстағы-жақындағымыз Айттан Айтқа  аман-есен  жете  берейік.  Әумин!