16.08.2018, 10:00
Қараулар: 248
Қырдағы қызу еңбекті қадағалады

Қырдағы қызу еңбекті қадағалады

Сейсенбі  күні  облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов  Зеленов  ауданында  болып,  бірқатар  шаруа  қожалықтарының  тыныс-тіршілігімен  танысты.

«Баптай білсең, жер жомарт» деген халқымыздың даналығын жете түсінген зеленовтықтар жер­­-
дің жомарттығын мүмкінді­гін­ше пайдаланып келеді. Әр­тараптан­дыру бойынша атқарыл­ған жұ­мыстардың нәтиже­сін­де ауданда­ғы егіс көлемі 235,9 мың гектарға жетті. Оның ішінде дәнді дақыл­дар 143,9 мың га, майлы дақыл­дар 31,7 мың га, мал азығы дақы­лы 56,9 мың га, бау-бақша өнім­дері  3,4  мың  га  құрайды.

Қазіргі таңда орақ түскен 52 157 гектардан 62 884 тонна дән­ді дақыл жиналды. Күздік бидай­дың өнімділігі 14,7 центнер болса, шабылып жатқан жаздық би­дайдың өнімділігі гектарына 7,4 центнерді құрап отыр.

Өңір басшысы алдымен ау­данда ең бірінші болып егінге орақ салған Железнов ауылдық округіндегі «Авангард» ЖШС-ға келді. Серіктестік басшысы Сер­гей Ихсановтың айтуынша, бүгінгі таңда 110 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әр­та­раптандыру бағытында биыл мемлекеттен 55 млн. теңге де­меуқаржы алған. Серіктестіктің иелігінде 21 052 гектар егіс ал­қабы бар. Оның 5712 гектары күздік, 3816 гектары – жаздық бидай, 1458 гектары – арпа, 222 гектары – бұршақ, 414 гектары – судан шөбі, ал өзгесі – күнбағыс алқабы.

– Өткен жылдары күздік бидайдың өнімділігі жақсы болды. Бұл дақылдың түсімі биыл да жаман емес. Таяу күндері күз­дік бидайды себе бастаймыз. Егіс көлемін жылдағыдан 30 па­йызға
ұлғайтуды көздеп отырмыз. Биыл майлы дақылдардан жылдағыдан мол өнім жинаймыз деген үміт бар. Жиым-терім жұмысы аяқталы­сымен Теректі ауданындағы май зауытына тап­сырамыз деп жос­парлап қойдық. Биыл 3600 гек­тарға майлы дақылдар ексек, осы бағыт­тағы егістік көлемін алда­ғы уақытта 8000 гектар­ға ұлғайт­пақшымыз, – деді Сергей Ихсанов.

Ауданда майлы дақылдар мен күздік бидайдың егістік көле­мін арттыру қажеттігіне тоқталған Ал­-
тай Сейдірұлы жаңғырту­дан ке­йін қайта іске қосылған «Терек­ті май зауыты» диқандар үшін үл­кен  мүмкіндік екенін атап өтті.

– Жиылған өнімді өткізер орын іздеп сабылмайсыз. Шикізатқа сұ­раныс бар, сондықтан мүмкін­дік­ті тиімді пайдаланған ұта­ды. Ауыл шаруашылығына жаңа технологияны кеңірек енгізу керек. Ол үшін мемлекет барлық жағдай туғызып отыр. Майлы да­қыл мен күздік бидайдың егіс кө­лемін ұлғайтып, одан жақсы өнім алуға өңіріміздің ауа райы да қо­лайлы. Қазіргі таңда өңірі­міз өзі­мізге қажетті мал азығын толы­ғымен өтей алады. Былтыр елі­мізден экспортқа шығарылған ет­тің тең жартысы біздің облысы­мыздан жөнелтілді. Сұраныс әлі де бар. Қытай мен Ресейге ет шы­ғаруға болады. Иран мен Тәжік­стан, Ауғанстанға дейін ет­ті экс­порттауға мүмкіндік бар. Жыл сайын ет экспорттау нарығы ке­ңейіп келеді, – деген облыс әкі­мі сондай-ақ суармалы жер кө­лемін арттыруды, істен шық­қан ирригациялық құрылымдарды қал­­пына келтіруді қолға алуды тапсырды.

– Өңірде ирригацияны қалпы­на келтіру жұмыстары қарқын алып келеді. 180 шақырымдық
Ки­ров – Шежін каналы жөнде­лу­де. Ол жұмыстар күзде толығы­мен аяқталады. Жәнібекте Әбділ­-
ман – Соркөл каналы, Сы­рым ау­­данында Қо­соба суландыру жү­-йесі жасалды. Шо­лақаңқаты, Те­-
ректіде Жайық­тан 40 шақырым жерге дейін су соратын құрыл­ғы орнатылды. Жаңақаладағы су
қақпалары қалпына келтірілу­де. Осы Зеленов ауданына қарасты Переметный ауылы маңындағы дамбаны жа­садық. Жоспарлау­шылар қате­лесіп, су жырып кеткенімен, осы күні ауыл маңы суға толып тұр. Жергілікті жұрт пайдасын көріп отыр, – деді облыс әкімі.

Кездесу барысында шаруалар өздерін толғандырған жол мә­селесін ортаға салды. Қай ел­ге бар­-
са да, көлденең келетін бұл сұ­рақтың біртіндеп шеші­мін таба­тындығын айтқан Алтай Сей­дір­ұлы:

– Өңірдегі жол мәселесін ең жоғары деңгейде көтердік. Биыл Хан ордасына дейінгі 336 ша­қы­рым жолдың құрылысы басталады. Үш жылда бітіру көзделіп отыр. Орынборға қарай бара­тын 144 шақырым жол бар. Бар­лығының жобалық-сметалық құ­жаттамаларын жасауымыз ке­рек. Бұл  мақсаттың өзіне 600 миллион­дай қаржы бөлініп отыр. Бір сөзбен айтар болсақ, сең қоз­ғалды. Таяу жылдары барлық ау­­дан орталықтарына барар жолдарды жөндеуді көздеп отыр­мыз, – деді.

Зеленовтық шаруалардың жағ­дайымен танысып, мәселелері­не қаныққан облыс әкімі кадр мә­селесіне көбірек көңіл бөліп, жа­ңа технологиялар мен ғылым жетістіктерін ауыл шаруашы­лы­ғына енгізу қажеттігін де қадап айтты.

Түгелбай   БИСЕН,
Зеленов   ауданы