16.08.2018, 10:00
Қараулар: 339
Құрылыс қарқынды, сапа қанағаттандырады

Құрылыс қарқынды, сапа қанағаттандырады

Сейсенбі  күні  облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов  Орал шаһа­рындағы  бірқатар  құрылыс  нысандарын  аралап, олардың  салыну  қарқынымен  танысты.  Өңір  басшысы  алдымен  Сарытау  шағынауданындағы  жаңа  мектепке  қатысты  құрылыс   жұмыстарына  назар  аударды.

 Айта кетейік, Орал қаласы­ның Зашаған кентіне қарасты Сарытау шағынауданындағы 900 орындық мектеп құрылысына  Ұлттық қордан 1 888,144 млн. тең­ге бө­лінген болатын. Бүгінде құ­рылыс жұмыстарын «Жиенбай» ЖШС жүргізуде. Мердігер ком­пания басшысы Александр Қара­-
ғойшиннің айтуынша, мектеп 27 қыркүйек күні пайдалануға беріледі. Облыс әкімі құрылыс­-
ты уақытында әрі сапалы аяқ­тау­ды  тапсырды.

– Бұл мектептің құрылысын бастаған мердігер жауапсыздық танытқандықтан, соттың шеші­-мімен оның жұмысын тоқтат­тық. Қайта конкурс жариялау арқылы құрылысты жалғас­ты­ратын жаңа мердігерді анықта­дық. Бүгінде жұмыс қарқыны жаман емес. Алдағы айдың со­ңында құрылыс толығымен аяқ­талып, мектеп оқушыларды қа­былдайтын болады. Осы шағын­ауданның балалары алысқа сабылмай өз мектептерінде білім алады. Сонымен қатар Зеленов ауданында 300 орындық мек­теп және 100 орындық интер­нат, Ақжайық ауданының ең шалғай елді мекені – Шабдаржап ауылында 200 орындық мектеп салынды. Бөкей ордасы ауданы­ның орталығындағы мектеп жа­нынан 100 орындық интернат бой көтерді. Сондай-ақ елді ме­кендердегі шағын жинақты мектептерді интерактивті кабинетпен қамту жұмыстары қарқын­ды жүргізілуде. Мұның барлы­ғы алыс аудан-ауылдардағы ба­­ла­лардың алаңсыз, сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан жұ­мыстар, – деді облыс әкімі.

Жалпы, бүгінгі таңда Орал қа­ласында 50 мектеп жұмыс жасаса, соның төртеуі соңғы бес жыл ішінде пайдалануға беріл­ді. Соңғы жылдары Зашаған кентінде тұрғын үйлердің көптеп салынуы себепті халық саны күрт көбеюде. Күні бүгінге де­йін кент аумағында төрт мектеп қалыпты жұмыс жасауда. №10, 47, 30, 20 мектептерде 6896 оқушы білім алады. Алғашқы аталған екі мектепте оқушылар үш ауысыммен  оқиды.

Қалалық құрылыс бөлімі берген мәліметке сүйенсек, алда­ғы уақытта бұл ауданнан 75, 80, 90, 130 пәтерлі 37 көп қабатты тұрғын үй бой көтереді. Сол себепті кенттегі тұрғындар саны жыл санап арта бермек.

Сарытау шағынауданындағы №50 мектептің құрылысы аяқ­та­лып, пайдалануға берілген соң 0-11-сынып аралығындағы 31 сынып ашылып, 648 оқушы бі­лім алмақ. Сондай-ақ мектеп жанынан әрқайсысы 50 бүлдір­шін­ді қамтитын үш шағын ор­та­лық жұмыс жасамақ. Мектеп­те  74  жаңа жұмыс орны ашылады. Осы аумақтағы №10 мектептен ижаңа мектепке 592 оқушы ауыс­пақ.

 

Спорттың  бұқаралығы  артады

 Қала маңындағы Деркөл кентінде спорт­­­қа дарынды балаларға арналған маман­дан­дырылған облыстық мектеп-интернаты салынып жатқаны белгілі. Облыс әкімі осы құрылыс басында болып, жұмыс барысын көрді.

Аталған спорт кешенінің құрылысын Сергей Потиченко жетекшілік ететін «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Мектеп 250 спортшы­ға есептелген болса, жанында 150 балаға арналған интернат салынбақ. Кешенде жал­пы дайындық залы, күрес залы мен волейбол, баскетбол, гандбол ойындарына арналған үш зал болады. Спорт мектебінде 7-11-сынып аралығындағы дарынды бала­лар қабылданады деп күтілуде. Әр сыныпта 24 жас спортшы білім алмақ.

Мердігер компания басшысы С. Потиченко құрылыс жоспарға сай уақтылы жүргізіліп, қар­-
жының игеріліп жатқа­нын, мерзімінен бұрын аяқталуы ықтималдығын айтты. Содан кейін об­-
лыс әкі­мі 6-шағынаудан­да­­ғы Қонаев көшесі бо­йын­дағы спорт және ба­лалар ойынына арналған ке­шеннің жұмысымен та­нысты. Аталған кеше­н­нің құрылысына жер­гі­­лікті бюджеттен 48 мил­-
­лион теңгеге жуық қа­ражат  қарастырылған.

Жалпы, өңір тұрғын­да­­рын бұқаралық спорт­­қа жұмылдыру мақса­тында соңғы жылдары спорт нысаны мен ала­­ңы көптеп са­лы­ну­да. Өткен жыл­­дың өзін­де ша­һарда жергілікті бюджеттен бө­-
лінген 353,4 миллион теңге қа­ражатқа 10 көпбе­йін­ді спорт жә­не балалар ойын алаңдарының құ­-
рылыста­ры бастал­ды. Сонымен қа­тар «Самұрық Қазына Траст» АҚ ар­қылы жеті, «Street Workout» феде­рациясының қолдауымен үш спорт ала­ңы салынуда. Бұл нысандар пайда­ла­нылуға берілген жағдайда 12 мыңнан ас­там тұрғынның спортпен  айналысуына  жағдай  жасалады.

 

 

 Жол  жөндеуге 7,5  миллиард  теңге

 Биылғы жылы облыс орталығындағы бірқатар көше жолдары жөндеуден өту­де. Өңір басшысы М. Мәметова көшесін­дегі автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы құ­-
ны 581,7 миллион тең­ге­ні құрайтын жобаны «ҚПО б. в.» компаниясы қаржыландыруда. Жол
құрылысы жұ­мыс­тарын «Nursat» және «Бірлік» ЖШС-лары жүргізуде. Сәуір айында бастал­ған жұмыстар қараша айында толықтай аяқ­та­луы керек. Бү­гінгі таң­да Құрманғазы көше­сі­нен Петровский көше­сіне дейінгі ара­лыққа тас жол төсеу жұмыста­ры жүргі­зі­лу­де. Жөн­­деу жұмыс­тарының 75 пайызы орын­далған.

– Биылғы жөн­деуден өтеді деп жоспарланған қашықтығы 50 шақырым­ды құрайтын 37 көшенің бүгінгі таңда 11-і толықтай жөнделді. Ал 20 кө­ше­нің жо­лын жөндеу жалғасып, жұмыстың 70 пайыздан астамы бітті. Қалған ал­ты көше құрылысының құжаттары дайындалып, байқау жарияланды. Ол кө­ше­лерді жөндеу жұмыстары биылғы жы­лы басталып, келер жылы жалғасады. Біз тұрған М. Мәметова көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары да аяқтала келді. Қыркүйек айының басында көше пайда­лануға берілетін болады, – деді облыс­тық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшы­сы  Қайрат  Мұқамбетқалиев.

Жалпы, биыл қаланың 50 көшесі күр­делі, орташа және қайта жөндеуден өт­пек. Бұл жұмыстарға шамамен 7,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Ең алдымен, қаланың орталық және қозғалыс қар­қыны жоғары күретамыр кө­шелері, сон­дай-ақ қоғамдық көлік жүре­тін жолдар қамтылуда. Сонымен қатар ағымдағы жы­лы шаһардағы 23 әлеумет­тік  нысанға қа­тынайтын  жолдар  жөнделуде.

 

Төрт  жұлдызды  «Hilton»  қонақүйі

 Биыл Оралда «GrandHotel­Ser­vice» ЖШС сегіз қабатты замана­уи қонақүй құрылысы жобасын іске асыруда. Жұмыс сапары ба­рысында облыс әкімі Алтай Көл­гінов қонақүйдің құрылысымен танысты.

Облыс орталығындағы «Ақжа­йық» қонақүйінің орнына екі жыл ішінде жаңа халықаралық дең­гейдегі 8200 шаршы метрлік қо­нақүй бой көтермек. «Hilton» атауымен салынатын қонақүйдің  жанында ауданы 4200 шаршы метрді құрайтын бизнес орталы­-ғы ғимараты болады. Жаңа қо­нақ­үй халықаралық франшиза бойынша іске қосылмақ. Халық­аралық франшиза бойынша ашы­латын қонақүй ондағы көрсеті­летін қызмет сапасының тұрақ­ты және қатаң бақылауда бола­тындығымен, сервистің жоғары деңгейімен, қала және облыс мәртебесін көтеруімен, бөлме­лердің әлемдік стандартқа сай болуымен ерекшеленеді. Шетел­дік мамандармен қонақүй қыз­мет­керлерін оқыту жоспарланған. Төрт жұлдызды қонақүйде 125 бөлме, оның ішінде 92 стандартты, 10 люкс класс, бір пре­зиденттік, 20 апартамент және өз­гесі болады. Ғимарат сегіз қа­бат­ты. Онда 70 орындық мей­рамхана, үш конференц-залы, ко­фе-брейк залы, орыс моншасы, түрік хамамы, фитнес-зал, екі қауыз, жер асты және жер үсті паркинг және өзге де қажетті қызмет көрсету орындарынан тұрады.

Қазіргі уақытта бұрынғы қо­нақүйдің ең төменгі қабатын бұ­зу жұмыстары жүргізілуде. Жоба­ның жалпы құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды. Қонақүйдің құрылысы осы жылдың төртін­-
ші тоқсанында басталып, 2020 жылы  аяқталады  деп  күтілуде.

 

Жылу  құбырлары  жаңартылды

 Ағымдағы жылы шаһардағы тұрғын үйлерді жылу­мен қамтитын төрт бағыттағы жылу магистралі жа­ңартылып жатыр. Облыс әкімі Астана және Қонаев мөлтек аудандарындағы жылу құбырларын қайта жөн­деу  жұмысының  барысымен  де  танысты.

Ұзындығы 1,176 шақырым, 530, 426, 325 диаметр­лі құбырларды қалпына келтіруге 347 миллион теңге­-ден астам қаражат жұмсалуда. Биылғы жылдың шілде айынан бастап «Астанаинжстрой» ЖШС атқарып жат­қан құрылыс келер жылы толықтай аяқталуы керек.

– Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен Орал қаласындағы №2, №7 жылу магистральда­рын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақында №4, №8 магистральдарды жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер компания құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы атқаруда. Жөндеу жұмыстары жылыту мерзімі басталғанға дейін толықтай аяқталады, – деді «Жайық Жылу Қуат» АҚ  бас  директоры  Мұрат  Байменов.

Сондай-ақ биыл инфрақұрылымды дамытудың  2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекет­тік бағдарламасы аясында мердігер «Уральскводстрой» АҚ облыс орталығында жалпы ұзындығы 2629,5 метр құрайтын қос жылу магистралін қалпына келтіруде. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд. теңге. Қазір 106 тұрғын үй мен сегіз әлеуметтік нысанды қамтитын №8 жылу магистралін қалпына келтіру жұмыстары аяқтала келді. Нәтижесінде жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрай­-
тын ұзындығы 4,9 метр төрт жылу магистралі жаңар­тылып, 255 тұрғын үй мен 35 әлеуметтік нысан қамтылмақ.

 

«7-20-25»  бағдарламасының  «қос  қарлығашы»

 Оралдың солтүстік-шығыс бө­лігінде елімізде жүзеге асырыла бастаған «7-20-25» бағдар­лама­сымен жаңа шағынаудан бой кө­термек. Облыс әкімі іргетасы енді құйылған қос көп қабатты тұр­ғын үйдің  құрылысын  көрді.

Тыңнан бой көтеретін жаңа ау­данда 27 көп қабатты үйлер салынады деп күтілуде. Бүгінгі таң­-
да жеті тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, екі үйдің іргетасы құйылуда.

– Облыс орталығындағы халық саны жыл санап артып келеді. Елбасымыздың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде айтылған «7-20-25» бағдарлама­сын жүзеге асыру мақсатында
бой көтере бастаған шағынаудан­да бір­неше көп қабатты тұрғын үй салынады. Бүгінде барлық ин­фрақұрылымы тартылып, екі көп қабатты үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ бұл ауданнан мектеп, балабақша, аурухана, спорт кешендері секілді әлеуметтік ны­сандар бой көтеріп, абаттанды­ру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Ал қаланың батыс жағында Ақ­жайық шағынауданына «Нұрлы жол» бағдарламасымен инже­нер­лік желілер тартылуда. Ақжа­йық ауданының жалпы аумағы 450 гектарды құраса, біз тұрған қаланың солтүстік-шығыс бөлігін­дегі жаңа ауданның көлемі 180 гектарды құрайтын болады. Екі шағынауданның құрылысы толық­­тай аяқталған жағдайда өңірі­­міз­дің 70 мың тұрғынын баспанамен қамтимыз. Облыс бойынша тұрғын үйге сұраныс азаймай тұр. Бүгінгі таңда Орал қаласын­да 19 мың, облыс бойынша 22 мың тұрғын үй кезегінде тұр. Осы баспанаға деген қажеттіліктерді мемлекеттік бағдарламалар ар­қы­лы және мемлекеттік жеке әріп­тестіктің күшімен қамтамасыз етуіміз қажет, – деген облыс әкімі Алтай Көлгінов жаңа тұрғын үй­дің алғашқы іргетасын құюға ат­салысты.

Орташа есеппен биыл 3,6 мың тұрғын баспанамен қамтылатын болады. 9 қабатты, 104 пәтерлі бі­рінші үйдің құрылысын «СКФ Отделстрой» ЖШС жүргізуде. Тұр­ғын үйдің құрылысына респуб­ликалық және жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге қарас­тырылған. Екі үйдің де құрылысы келер жылы толықтай аяқталады деп күтілуде.

Жалпы, қаладағы салынып жатқан №1, 43, 46-дақ және сол­түстік-шығыс мөлтек ауданында­ғы №1, №2 мекенжайында көп қабатты тұрғын үйлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына беріледі. Ал №39, 41, 44, 45-дақтағы тұрғын үйлер ха­лық­тың әлеуметтік қолдауды қа­жетсінетін бөлігіне арналып са­лынуда. Орташа есеппен биыл 3,6 мың тұрғын баспанамен қам­тылатын болады.

 

Нұрбек   ОРАЗАЕВ,
«Орал   өңірі»