16.08.2018, 10:00
Қараулар: 268
Дәрігер тапшылығы жойылған аудан

Дәрігер тапшылығы жойылған аудан

Шыңғырлау ауданында былтыр жалпы аумағы 3162 шаршы метрді  құрайтын  39  тұрғын  үй  пайдалануға  берілсе,  жуық  арада  үш  қабатты  45  пәтерлік үйдің  және  төрт  ауылда  екі  пәтерлік 10 үйдің  құрылысы  басталмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте  Шыңғырлау  ауданының  әкімі  Альберт  Есәлиев  баяндады.

 

Осыдан  біразырақ күн бұрын Ақшат ауылына таза су келді және қос ауылдың халқы жыл соңына дейін сапалы ауыз суға қол жеткізбек. Келер жылы тағы төрт елді мекенге су құбырын тарту жұмыстары атқарылмақ. Нәтижесінде ауданның таза ауыз сумен қамтылу деңгейі 97 пайызды құрамақ. От жағып, күл шығарып келген Ақсуат ауылын көгілдір отынға қосу арқылы аудан халқы толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Альберт Темірболатұлының айтуынша, қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңадан бой көтеретін «Атамекен» шағынауданына су, газ, электр жарығы сияқты инженерлік желілердің жобалық құжаттамаларын дайындауға қажетті қаражат бөлінген. Шыңғырлау ауылындағы теміржол бекетін абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ. Бұған қоса аудан орталығында сегіз көше жөнделіп, жалпы ұзындығы 2 мың метрден асатын жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілген. Жұрттың арқасына аяздай батып келген облыстық маңызы бар Шыңғырлау – Ақшат – Сегізсай күрежолын күрделі жөндеу мә-селесі  де оң шешімін тауып келеді.

– Ауданның коммуналдық меншігіндегі ғимараттарды бәсекелестік ортаға беру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар иесіз газ құбырларының құжаттарын жасақтап, бәсекелестік ортаға шығаруды қолға ал-дық. Жеке инвестициялар есебінен аудан орталығында жаңа дәріхана, екі мал сою пункті, Ақтау округінде мал кешені салынды. Аудан кәсіпкерлері несиелер алып, ша-руашылығын кеңейтуде, мал басын асылдандыру жұмыстары да қарқынды. Жаңадан іс бастап, түрлі бағытта кәсіпкерлікті қолға алған тұрғындар да мемлекеттік бағдарла-малардың қолдауын айқын сезініп отыр, – дейді Альберт Есәлиев.

Жыл басынан бері аудан бойынша 21 шаруа қожалығы ашылып, оларға жалпы көлемі 15 гектар жер бөлінген. Кәсібін өрістетіп отырған тағы 18 шаруа қожалығына қосымша 16 мың гектар жер телімдері берілген. Шың-ғырлаулық шаруалар биыл 12 мың гектарға егін егіп, күздік бидайдың әр гектарынан шамамен 19 центнер өнім алуда. Аудан басшысының мәлімдеуінше, мүйізді ірі қара малының саны өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға көбейген. Агроөнеркәсіпті кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 120 бас ірі қара аналық сатып алынған.

– Аудандағы 14 ауыл шаруашылығы кооперативінде 94 бас асыл тұқымды бұқа мен 2762 бас тауарлы аналық бағылуда. Шілде айында «Шыңғырлау-Агро» модульді мал сою пункті іске қосылды. Ендігі кезекте аталмыш мал сою пунктінің негізінде бордақылау алаңдары жасақталмақ. Сонымен қатар ақ-
төбелік «Актеп» ЖШС-дан 400 бастан астам ангус сиырын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілуде, – дейді аудан басшысы. Өнімнің сапасы сауатты жүргізілген ветеринарлық жұмыстардың нәтижесіне де байланысты екені белгілі. Алты округ орталығында ветеринариялық пункт, оған қажетті мамандар мәселесі оңтайлы шешілсе, жуық арада қалған екі округте де ветеринариялық пункт ашу көзделген.

Шыңғырлау –  облыс бойынша дәрігерлерді баспанамен қамту және қайта оқыту арқылы маман тапшылығы мәселесін шешіп отырған бірден-бір аудан. Цифрландыру аясындағы жаңалықтарды да жатырқамай, ауруханаға электронды тіркеу жүйесін енгізіп, дәрігерге жазылу k-vrachu мобильдік қосымшасы ар-қылы жүзеге асуда. Халықпен кері байланыс орнатуда да сандық технологияның көмегіне жүгініп отырған аудан басшылығы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тұрғындардың талап-тілектерін қабылдайды. Instagram желісіндегі «Халықтық бақылау» жобасы шешімін күткен мәселелерді анық-тауға, нақты іс-шаралардың іске асуына мұрындық болып отыр.

Динара   ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар