16.08.2018, 10:00
Қараулар: 195
Шәкәрім мұрасымен танысты

Шәкәрім мұрасымен танысты

Зеленов ауданының Дариян  ауылдық кітапханасында көрнекті ақын, философ  Шәкәрім  Құдай-бердіұлының 160 жылдығына орайластырылған танымдық шара ұйымдастырылды. Ауылдың  орта-лық саябағында өткен шараға ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

Акция барысында кітапханашы Любовь Ивашкова  жиналған-дарға Шәкәрім Құдайбердіұлының  өмірі  мен  шығармашылығы  жайында жан-жақты  мағлұмат  беріп, ауыл тұрғындарын арнайы дайындалған көрмемен таныстырды. Қазақ ойшылы туралы мәліметке қаныққан оқырмандар кітап көрмесіне қойыл-
ған оқулықтармен танысып, пікірлерін білдіріп, библиографиялық шолудан алған  әсерлерімен  бөлісті.

 Гүлжан  АЯЗБАЕВА,
Зеленов  ауданы