16.08.2018, 10:00
Қараулар: 281
Ақ Жайықтан Меккеге аттанды

Ақ Жайықтан Меккеге аттанды

Облыстық  орталық  мешітте қажыларды  қасиетті  қала – Меккеге  шығарып  салу рәсімі  өтті.

 

Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат қажы Қанатқалиұлы сапарға аттанушыларға қажылық-
тың асыл дініміздегі мән-маңызы туралы баяндап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Соны-
мен қатар қасиетті сапарларына сәттілік тілеп, қажылықты өтеу  кезінде  қазақ жерінің болашағы үшін дұға жасауларын тіледі.

Мұсылман қауымы үшін ислам-ның бес парызының бірі қажы-лыққа бару болса, осы жылы қа-
сиетті орынға құлшылық етуге Батыс Қазақстан облысынан 20 азамат аттанады. Олардың қа-
тарында  «Қызыл мешіттің» наиб имамы Серік Мұстафин, Шыңғырлау аудандық мешітінің бас има-
мы  Ерденбек  Ихсанов  та  бар.

Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Самат Әлібаев бар-лық болашақ қажыларға тілегін айтып, батасын берді.

 

Нұрлан   САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның  БҚО  бойынша баспасөз  хатшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар