16.08.2018, 10:00
Қараулар: 225
Ауыл өз бюджетін қалай игеруде?

Ауыл өз бюджетін қалай игеруде?

Бұл сұрақ қаржы саласынан хабары бар адамдардың көкейінде жүр.  Ортақ өгізден оңаша бұзауды артық санаған халықпыз ғой. Бұрын ел басқаруда дарындылық, іс атқаруда қарымдылық таныта алмаған кейбір ауылдық округ басшылары  «Ортақ бюджет құлаш сермеуге мүмкіндік бермейді. Қаржы билігі қолға тисе…» дейтін.

Тиді. Үкімет жаппай болмаса да, ішінара ауылдық округтердің бюджетін есептеп, онымен жұмыс жасау билігін өз қолдарына берді. Одан бері де алты ай өтті. Оның нәтижесі қандай? Кім не оқсатты? Талдап көрейік.

 

Жаңақала ауданы бойынша да бес ауылдық округтің бюджеті ауыл әкімінің  құзырына  берілді.

Әрине, бюджет кіріс пен шы-ғыстан тұрады. Кіріс дегеніміз қаржының қоржынын томпайта-
тын түсімдер  де,  шығыс – сол  қаржының орынды жұмсалып,  игерілуі.

Түсімдерден бастайық. Әрине, түсім өздігінен келіп, қаржы қазанына құйылмайды. Жерлес-
теріміздің төлеуге тиісті салықтарын айттырмай, мерзімді кезең ішінде өздері әкеліп тө-
лей қоюы екіталай. Ондай өр-кениет мәдениетіне жете қойғанымыз жоқ. Сондықтан ауыл әкімі аппараты салық жинауда жүйелі жұмыс жасауға мәжбүр. «Өзім дегенде өгіздей күші бар» деген. Бюджеті өздеріне берілген бес округтің төртеуі түсім жоспарын артығымен орындады. Субвенцияны (трансфертті) қоспағанда, алты ай ішінде Жаңақала ауылдық округі 11 342 мың теңге, Жаңажол округі 245 мың теңге, Жаңақазан 280 мың теңге, Көпжасар 245 мың теңге, Мәстексай 280 мың теңге түсім түсіруі керек  еді.

Мәстексай ауылдық округі 1 399,9 мың теңге түсім түсіріп, жоспарын 499,96 пайызға, Жаңақазан округі түсім жоспарын 382,9 пайызға, Жаңажол округі 281 пайызға, Көпжасар
округі 225,3 пайызға орындады. Өкінішке орай, аудан орталығы саналатын Жаңақала округі 6 548,1 мың теңге түсім түсіріп, жоспарын 57,7 пайызға ғана орындады. Яғни 4 793,9
мың  теңге  түсім  түспей  отыр.

Талдап айтсақ, бұл округте 6 498 мың теңге табыс салығы жиналуы керек еді, жиналғаны 1 201,9 мың теңге немесе 18,5 пайызы ғана.

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтан түсім де 4 844 мың теңге орнына 4 617,5 мың теңге болып, 95,3 пайызға орындалды. Бір ғана осы округте түсім аз жиналуынан бес округ бойынша түсуге тиісті 12 392 мың теңге түсім жоспары 10 260,7 мың теңге болып, 82,8 пайызға орын-далды.

– Бұл жұмысты мықтап қолға алып отырмыз. Жыл соңына дейін олқылығымыздың  орнын толтырмыз, –  дейді Жаңақала ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов.

Иә, бұл жұмыс шұғыл жандануы тиіс. Өйткені ол жиналмай отырған қаржы округте атқарылуы тиісті қаншама жұмысқа қолбайлау болады. Бұл үлкен кемшілік саналады.

Енді ауыл бюджеттерінің игерілуіне тоқталайық. Қаржы жұмсау билігі қолдарына тиген бес
ауылдық округтің әкімі биылғы жылдың бірінші тамызына дейін игерілуі тиіс 87 115 мың тең-
ге бюджет қаржысының 68 227,5 мың теңгесін, яғни 78,3 пайызын игерді. Неге? Берілген
қаржы неге уақтылы  игерілмеді?

Ең көп игерілмеген қаржы Мәстексай ауылдық округінде. Бұл ауылдық округте бөлінген 16 859 мың теңге қаржының 58,5  пайызы (9 854,5 мың теңге) ғана игеріліп, 7 004,5 мың теңге игерілмей отыр.

– Бұл – өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы. Жаңа үлгідегі спорт ала-
ңын салуымыз керек еді. Құ-жаттардан қателік тапқан камералдық бақылау жарияланған конкурсымызды екі рет тоқтат-ты. Есепшіміздің тәжірибесі аз-дығы да жеделдігімізді тежеді.Сөйтіп, конкурс кеш өтіп, жұмыс кеш басталды. Істелінбеген жұмысқа қaржы аудара алмай-мыз. Алдыңғы айларда қаралған қаржы игерілмеген есебінде тұр. Қазір жұмыс жүруде. Жыл соңына дейін игеріледі, – дейді Мәстексай ауылдық округінің әкімі  Сәуле  Мұхамбетжанова.

Бұл әңгімені алты айлық бюджетін 70,2 пайызға орындап отырған Жаңажол ауылдық ок-ругі әкімінен де естідік.

– Игерілмеген 6 318,2 мың теңге қаржы бізде де өңірлерді дамыту бағдарламасынікі. Оның
3 500 мың теңгесі – үнемделген қаржы, оны сессия шешімімен аудандық  бюджетке  қайтару  керек.

Конкурс жеңімпазы «СтартСтройСервиз» ЖШС жұмысты уақтылы бастағанмен, уақтылы аяқтамай отыр. Бітпеген іске қаржы аударып, заң бұза ал-маймыз. 2500 мың теңге содан игерілмей тұр, – дейді ауыл  әкімі  Асылан  Оразалиев.

Қаралған бюджетін 82,8 пайызға орындап отырған Жаңа-қала ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов те игерілмеген 5 097,8 мың теңге қаржының ауылды абаттандыруға бөлін-генін, жоғарыдағы  себептерден жұмыстың кешеуілдеп басталғанын, игерілетінін айтады.

Өз бюджетін өздері билейтін аудандағы бес ауылдық округтің салыстырмалы түрде жұмысы тә-уірі – Жаңақазан ауылдық округі (әкімі – Сәкен Ғұбашев). Бұл округ жартыжылдық түсім жоспарын 382,9 пайызға, бюджет қаржысын игеруді 99,1 пайызға орындап отыр.  Одан кейін Көпжасар ауыл-
дық округі тұр. Ол түсімді 225,3 пайызға, қаржы игеру жоспарын 96  пайызға  орындаған.

Жалпы, бюджетке түсім түсіру де іскерлік. Бұл бағытта Мәстексай ауылдық округінің әкімі
Сәуле Мұхамбетжанованың ал-ғырлығын  айтпасқа  болмайды.

– Алты айда 280 мың теңге орнына 1 399,9 мың түсім  есеп-ке алынды. Одан кейін де 500 мың теңге түсім жинадық. Түсім көбірек түссе, өзімізге жақсы, біраз жоспарымызды жүзеге асыра-
мыз. Биыл түскен түсім есебінен құлаған үйлердің орнын тегістеп,  басқа да халыққа қажетті шаруа-ларымызды жасаудамыз, – дейді Сәуле Мұхамбетжанова.

Жоғарыда талдап көрсеттік, бес округтің Жаңақаладан басқасы табыс табуға икемді екен. Құптарлық іс. Дегенмен, бюджеттік қаржыны уақтылы игеруде сыл-бырлық бар. «Конкурсты камералдық бақылау өткізбеді, жұ-мыс кеш басталды» деген себепті сылтау емес. Конкурсты уақтылы, сауатты өткізу, жоспар-ланған бюджет қаржысын мақ-сатты, уақтылы игеру – елді дамытудың кепілі. Елбасы Жол-
дауында атап көрсеткен мақсат та осы.  Сондықтан қаржы билігі қолдарына тиген ауыл-
дық округтердің басшылары жұ-мыстарын жандандыра түсулері қажет.

 

Өмірзақ   АҚБАСОВ,
Жаңақала   ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар