16.08.2018, 10:00
Қараулар: 238
Велошабандоздарға сыйлық келді

Велошабандоздарға сыйлық келді

Астанадағы  А. Винокуров  атындағы  спортты  қолдау  және  дамыту  жө­ніндегі  қоғамдық  қордан  Ақжайық  ауданындағы  велоспорт үйірмесіне  сыйлық   келді.

Биылғы 30 сәуірде Атырау қа­ласында Олимпиада чемпио­ны Александр Винокуров­тың «BikeRide» алғашқы қайырымдылық жо­­басы аясында вело­шеру өткені мә­­лім. Ақжайық ауданы­ның орталығы – Ча­паевтағы велоспорт үйірмесінің жетекшісі Аслан Нұрымов өзінің бірнеше шәкіртімен аталмыш шарада Алек­сандр Винокуровпен кездескен болатын. Олимпиада чемпионы Чапаевта­ғы аталған үйірменің тынысы жайында егжей-тегжейлі сұрап, Асланның ізденісіне, 12-13 жас­тағы 24 шә­кіртінің талабына аса риза болған еді. Міне, таяуда А. Нұрымов пен оның шәкірт­тері зор қуанышқа кенелді. А. Винокуров атындағы спорты қол­дау жә­не дамыту жөніндегі қо­­ғам­дық қоры­нан Чапаевтағы балауса велошабондоз­дарға арнайы велокиім-кешек, ве­ло­құрал-жабдықтар сыйға келді.

Айта кетейік, үйірмедегі Орынбай Берік, Қошай Сағжан – 2016, 2017 жыл­дары облыс жастары арасында өткен  маутинбайк жарыстарының жүлде­гер­­лері. О. Берік – Оралдың ашық бірін­шілігінің жеңімпазы. Жас велошабон­доздар үйірмесі БҚО аудандары бо­йынша тек Ақжайық ауданында жұмыс істеуде.

Бекем  БЕКҰЛЫ,
Ақжайық  ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар