14.08.2018, 10:00
Қараулар: 755
Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Құрылысшылар  күніне орай  Орал  қалалық  мә­де­ниет  және  демалыс саябағында  салтанатты  жиналыс  өтті.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов және еңбек ардагерлері, құрылыс компанияларының өкілдері және сала мамандары қа­тысты. Жиында Игорь Стексов құ­ры­лысшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі тұрғын үй, ауыз су, автожол құрылысының қарқыны жөнінде баяндады. Кейін Орал қа­ласының құрметті азаматы, соғыс жә­не еңбек ардагері Хамза Сафин сөй­леді. Мерекелік жиында «Сана­Мар­кет» ЖШС-ның техникалық қа­даға­­лау бойынша сарапшысы Амет Жаку­-
даев, «ЖайықСтройИнжиниринг» ЖШС директорының орынбаса­ры Дүйсен Кенжалиев, «Жиенбай» ЖШС-ның бас инженері Боранбай Мерғалиев, «Уральскводстрой» АҚ-ның бас ме­ханигі Николай Мясников, «ГазПром­Проект» ЖШС-ның жетекші инжене­рі Ольга Шаталова, «Асфа» ЖШС-ның бас инженері Валерий Сакович «Қа­зақстанның құр­мет­ті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталды. «Аль­-
таир» ЖШС-ның аға прорабы Анатолий Маринин, «ГазПромПроект» ЖШС-ның жетекші инженері Ольга Селкина, «УралВодПроект» ЖШС-ның жоба бойынша бас инженері Ири­на Шидаева, «СанаМаркет» ЖШС-ның техникалық қа­дағалау бойынша са­рапшысы Бүркіт Құспанов, облыс­тық жолаушылар кө­лі­гі және автомобиль жолдары бас­қармасының бө­лім басшысы Бауыржан Есенғалиев­ке ҚР Инвестициялар және даму министрінің, «Адал арна» ЖШС-ның директоры Жандаулет Нұрлыбаевқа аталған министрліктің Автомобиль жолдары комитеті төр­ағасының құр­мет грамотасы табысталды. Одан ке­йін өңірлік кәсіби шеберлік байқа­уы­ның 13 аталымы ие­герлеріне дип­ломдар берілді. Бір топ cала мама­ны облыс әкімінің ал­ғысхатымен  ма­рапатталды. Салта­натты жиналыс­тан кейін шағын концерт ұйымдас­ты­рылды.

Айта кетейік, былтыр өңірде «Нұр­лы жер» бағдарламасы аясында 392 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – республика бойынша бағдарламаның орындалуы жөнінен жоғарғы көрсет­кіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта 234 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Өткен жылдан бері облыс бойынша бес мектептің және бір интернаттың құрылысы аяқталған. «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақбұлақ» бағытына сәйкес 2011-2016 жылдары барлық қаржыландыру көзінен 6,1 млрд. теңге бөлініп, 66 сумен жабдықтау нысаны салынды. Былтыр 9 млрд. теңге көлемінде қаржыға 55 елді мекендегі 39 нысанның құры­лы­сы жүргізілсе, биыл 49 елді ме­-
кенге таза ауыз су жеткізу үшін 4,2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Биыл­ғы жылы 24 млрд. теңгеге облыста­ғы 400-ден астам шақырым авто­мобиль жолын жөндеу жоспар­ланған.

Нұртай   ТЕКЕБАЕВ,
«Орал  өңірі»

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.