«Абай мұрасы – халық мұрасы»

Кеше  шаһардағы  Абай  алаңында  қазақтың  ұлы ақыны  Абай  Құнанбаевтың  туғанына  173  жыл  толуына орай  «Абай  мұрасы  –  халық  мұрасы»  атты  акция  өтті.

Ұлы ақынның ескерт­кі­шінің алдына жиналған шара қонақтары мен оқушылар алдымен «Абай – мә­дениет пен әдебиеттің асқар шыңы» атты кітап көрмесі мен инсталляцияны тамашалады.
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыге­реева мен ақын Айтқали Нә­ріков ұлы тұлғаның ескерткішіне  гүл  шоғын  қойды.

– Абайдың жазып кеткен қара сөздері, өлеңдері әлі күнге де­йін мән-мазмұнын жоғалт­қан жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Абайды таныту ар­қылы біз Қа­зақ­станды әлемге танытамыз,
қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс» деген болатын. Бұндай ша­-
ралардың ақын­ның шығарма­ларын насихаттауда зор рөл ат­қарары сөзсіз, – деді жиында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының бас­тығы Қадыр­болат Мұсағалиев. Ал осынау күн­­мен құттықтап, лебі­зін білдір­ген ақын Ақұштап Бақтыгереева ұлы Абайдың даныш­пандық пен даналыққа толы әр­бір сөзі адам­­затты адамгерші­лікке, әрбір  өле­ңі елдік пен ерлікке жетелей­тіндігін  атап  өтті.

Шараны ұйымдастыру­шы­лар­­дың бірі «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқа­лиев­тің айтуынша, акция аясын­да жастар арасында «Абай сал­ған дара жол» атты квест ұйым­дастырылған болса, ақынның мол мұрасы әлеуметтік желілерде «Абайды таны» хештегімен бей­некөріністер  арқылы тарауда.

Шара барысында қаладағы мектеп оқушылары, яғни кітап­ханалардың белсенді оқырман­дары ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін нақышына келтіре орындап, әндерін шырқады. Олардың арасынан үздіктер анық­­талып, қатысушылар алғыс­хаттармен  марапатталды.

Ясипа   РАБАЕВА,
«Орал   өңірі»