11.08.2018, 0:37
Қараулар: 132
«ҚАЗПОШТА» мен «ЖАЙЫҚ ПРЕСС» «пошташы баланы» ұмытпайды

«ҚАЗПОШТА» мен «ЖАЙЫҚ ПРЕСС» «пошташы баланы» ұмытпайды

«Қазпошта»  АҚ  облыстық  филиалының басшылығы  «Орал  өңірі»  газетінде  ұзақ  жыл еңбек еткенбүгінде  тоқсанға  таяған  жасы  бар  ардагер  Ғилаж  Наурзинді  «Жайық  Пресс»  ме­диа­холдингіне  арнайы келіп  құттықтадыОның сойылдай  себебі  бар  еді. Сонау соғыстың түтеп  тұрған  кезінде 11-12 жасар Ғилаж ағай ауылдарға  хатхабар  тасып, «поштабай бала» атанғанБүгінгі  күнде  де  қария  сол  «мамандығынан» әлі  қол  үзбей  келеді.

Қаратөбе ауданы Егін­дікөл ауылдық кеңесінің «Социализм» колхозында дү­-
ниеге келген кейіпкеріміздің ба­лалық шағы Ұлы Отан соғысы­мен қатар келген. Жасөспірім ша­ғын­да майданнан келген хаттарды ауыл-ауылға тасып, еңбекке ерте араласады. Мектепте ұстаз, ке­йін аудандық газеттерде тілші, бөлім меңгерушісі, редактор­дың орынбасары, редактор болып қызмет атқарған. 1977 жылдан бастап ба­тыс өңірінің белді басы­лымы «Орал өңірі» газетіне қыз­метке қабылданып, сол кезде жаңадан ашылған құрылыс және су шар­уашылығы бөлімінің меңгеруші­сі болады. Оның көркем очерк­те­рі, бейнелі репортаждары сол кездегі қарқынды жүрген құры­лыс­тың  жылнамасы болып қалған еді. Бүгінде жасы тоқсанға таяп қалса да, Ғилаж Наурызұлы сер­гек  те  елгезек  қалпында.

Жиын барысында «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас ди­ректоры Рауан Сәбитов пен «Қаз­-
пошта» АҚ БҚО филиалы дирек­то­рының орынбасары Нұрғиса Камашев және аталмыш мекеме­-
дегі желіні басқару секторының бас маманы Динара Валиева құт­тықтау сөз алып, ақ­жарма тілекте­рін  арнады.

– Хат, га­зет тасу­шы­­лардың жұмы­сы оңай деуге бол­майды. Күннің ыс­тық-суығына, жауын-шашынына қара­май, қо­лың­дағы хат-хабарын тиіс­ті мекен­жа­йына жеткізеді. Сіз сол міндеті­ңізді орын­дау­да талай қиын­дық­тарға тап болсаңыз да мойыма­дыңыз. Сіз­ді ешкім міндеттемесе де, ол үшін  ақша төлемесе де, со­ғыс жыл­дарындағы «поштабай ба­ла» атандырған мамандығы­ңыз­ға ақса­қал күніңізде де адал­дық таны­тып келесіз. Ендігі тілек осы қал­пыңыздан, қуа­тыңыздан айнымай, ортамызда кү­ліп-ойнап ғұмыр кеше беріңіз. Біз сізге бас иеміз, Ғилақа, – деді «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы ди­ректорының орын­басары  Нұрғи­са  Камашев.

Сондай-ақ қызметтес болған әріптес інілері Мәжит Қайырға­лиев пен Есенжол Қыстаубаев  әдемі  естеліктерімен  бөлісті.

– Ғилақаңмен 1977 жылдан бе­­рі  қызметтес болдым. Әр түрлі бөлімдерде жұмыс жасадық. Ол кісінің бір ерекшелігі, жұмыс де­се, жанын салатын. Тоқсанға тая­ған жасына қарамастан, әлі күн­ге дейін редакциялардың газеттерін бірінен-біріне тегін тасып, үлестіріп жүреді. Деніңіздің  сау болуы, сергек қалпыңыздан тай­мауыңыз осы жүгірістің арқасы деп білемін. Сіздің еңбек жолы­-
ңыз, салауатты өмір салтын ұс­тайтын қасиетіңіз жастарға үл­гі. Деніңізге саулық, отбасыңызға аман­дық тілеймін, – деді ардагер журналист  Мәжит Қайырғалиев.

Ал әріптес інілері атынан сөз алған Есенжол Жұмағұлұлы ке­йіп­керіміздің тағдырдың сынағы мен қиындығын  ерлерше еңсер­генін жеткізді.

– Мен Ғилаж ағайдың алғаш­қы шәкірттерінің бірімін. Ол тағ­дырдың теперішін көп көрген адам. Жасы еңкейген шағында еңбегін ескеріп, оған рухани қуат беріп жатқандарыңызға көп-көп рақмет. Қарияны қадірлейтін ұр­пақ екенімізді көрсетіп жатыр­сыздар. 1977 жылы 20 қыркүйек­те «Орал өңірі» газеті­нің редак­циясына жұмысқа тұруға алғаш келген кезім. Бас редактор Бақ­тыбай Далабаев болатын. Ол іш­кі телефонмен бір кісіге хабар­ласты. Бір кезде қаршығадай кіш­кентай кісі кабинетке жылдам кі­-
ріп келді. Ғилақаңды бұрын көр­меген едім. Бас редактор: «Ғи­ла­қа, бұл бала Алматыдан келіп отыр. Тайпақтың баласы екен. Оқу­ға түскенше, құрылыс саласында жұмыс жасаған.  «Лениншіл жас» газетіне мақала жазып тұр­ған. Осы баланы сізге тапсыр­дым», – деді. Ол кезде қалада құ­рылыс салу қарқыны қызып жат­қан кездер еді. Газетте де ар­найы бөлім ашылған. Кабинет­тен шыққан соң Ғилақаң қолым­нан ұстап алып, бірінші сынып­тың баласындай жетектеп, өз кабинетіне алып барды. Осылай редакцияға келгендегі алғашқы ұстазым болған. Ешқашан өті­рік сөйлемейтін. Мені де солай тәрбиеледі. Сондай-ақ ол соғыс­тың барлық трагедиясын жүре­гі­нен өткізген адам. Сол кезде пош­ташының сөмкесі де ескі болуы керек. «Хаттарды кеудеме тығып алып,  аяғыма шөңге кіргеніне қарамастан, жалаң аяқ  дала жолы­мен зымырап жүгіретінмін. Со­ғыстың аяғына қарай мені есей­ді деді ме,  поштадағылар маған  майданнан келген «қара қағазды» да жеткізуді тапсыратын. Әрине, оны межелі жеріне апаруға жү­регім дауаламайды. Ауылдағы үл­кендерге апарып тапсырамын» дейді. Бүгінде Ғилақаңның редак­цияға газет әкеліп тұратынына үйреніп кеткеніміз сондай, 2-3 күн келмей қалса, ауырып қалған жоқ па екен деп елеңдеп отырамыз, – деді  ол.

Шара соңында  сөз алған кеш иесі Ғилаж Наурызұлы көңілі­не дем берген шараның ұйымдас­ты­рушыларына алғысын білдірді.

– Менің еңбегімді елеп-еске­ріп, құрмет көрсетіп отырған­да­рыңызға  үлкен рақмет. Адам жа­сы ұлғайған сайын рухани қол­дауға зәру болады екен. Бүгінгі шарадан рухани күш алып, ерек­ше толқу үстіндемін. Біз кешегі балалығы мен бал күні отқа шар­пылған ұрпақтың өкіліміз. Әке-шешеден ерте айырылып, жетім­діктің, аш-жалаңаштықтың аза­бын тартудай-ақ тарттық. Тағдыр­дың жазуы шығар,  жарымнан да ерте айырылдым. Қазір редак­циядағы әріптес болған  іні-қа­рын­дас­тарыммен тілдескен сайын бір марқайып қаламын, – деді.

Гүлсезім   БИЯШЕВА,
«Орал   өңірі»

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.