4.08.2018, 0:52
Қараулар: 290
Медиация ұғымы қазаққа жат емес

Медиация ұғымы қазаққа жат емес

Жұма күні Орал қаласындағы Достық  үйінде  Батыс  Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының  бастамасымен Медиация күніне арналған шара ұйымдастырылып, оған  алпысқа  жуық  адам қатысты.

Жалпы, медиация ұғымы қазаққа әуелден жат емес. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ, ел арасындағы дау-дамайды мәмілемен, өзара ымы-рашылдықпен шешкен. Ол заманда ме-диатор міндетін ақылман ақсақалдар мен данагөй қариялар атқарып, ел ішінің тұтастығы мен беріктігін сақтаған. Билер тәжірибесінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан медиация бүгінде заңдастырылып, дау-ларды сотқа дейінгі сатыда, тіпті сотқа жүгінбестен қарауды көздейді.

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетовтің мәлімдеуінше, облыс аумағында жүзден астам медиация кеңсесі мен бұрыштары бар. Оларда 44 кәсіби және 198 қоғамдық медиаторлар жұмыс істейді. Медиаторлармен медиативтік келісім жолымен сот органдары арқылы 2695 іс қаралып,  сотқа дейін 800-ден астам іс оң шешімін  тапқан.

Бөрлі ауданына қарасты Пугачев ауылының кәсіби медиаторы Майра Селбаеваның пайымдауынша, бұрынғы жылдарға қарағанда медиативтік жолмен шешілетін азаматтық және қылмыстық істердің ауқымы кеңейіп келеді. Бұл халықтың медиацияға деген сенімін арта түскенімен және медиаторлар беделінің нығайғанымен байланысты болса керек. 2016 жылы медиация жолымен бар болғаны 33 іс қана қаралса, биылғы жылдың 7 айында 101  іс  қаралған.

Қазіргі таңда облыста қоғамдық медиаторлар картотекасы жасақталып, барлық аудандарда медиатор кеңселері ашылуда. Соның ішінде Теректі және Қазталов аудандарындағы медиаторлар кеңсесі базалық, яғни негізгі болып саналады. Облыстық медиаторлар одағының» төрайымы Алуа Рахишеваның мәлім-деуінше, соңғы екі жыл ішінде БҚО ҚХА-ның медиация кабинеті мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен, БҚО ІІД-ның жергі-лікті полиция қызметімен, облыстық сотпен, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылған.
Дөңгелек үстелге қатысушылар даулы мәселелерді шешудегі, бей-бітшілік пен келісімді сақтаудағы медиацияның маңызы мен болашағы жайында ойларымен  бөлісті.
Жиында сондай-ақ  Орал қаласында жақында ашылған аутокөлік жүргізушілеріне арналған ма-мандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында медиатор кеңсесін ашу, сот орындау сатысында медиация рәсімдеу тәртібін енгізу, қалалық білім беру бөлімінде медиатор кезекшілігін ұйымдастыру және т. б. мәселелер талқыланды.

 

Динара   ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар