4.08.2018, 0:49
Қараулар: 260
Заңға енгізілген жаңа талаптар

Заңға енгізілген жаңа талаптар

Бейсенбі  күні  облыстық  кәсіпкерлер  палатасында  ҚР  Ауыл ша­р­уашылығы  министр­лігі  жер  қорларын басқару  комитеті  жерге  орналастыру  және  жер  қатынастарын  дамыту  басқар­­масының  бас  сарапшысы  Самал  Есқалиеваның  төр­ағалығымен  семинар-кеңес  өтті.

Өңірдің кәсіпкерлері бас қос­қан кеңесте биылғы жылдың 4 мамырынан бастап қолданысқа енген «Қазақ­стан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қаты­настарын реттеу мәселелерi бо­йынша өзге­рiс­тер мен толық­ты­рулар енгiзу ту­ралы» заңы тал­қыланды.

Кеңесте министрлік өкілі Са­мал Әлімханқызы заңға енгiзiл­ген төрт негiзгi нормаларды атап
өттi. Оның ең бiрiншiсi – ауыл шаруашылығы жер­лерiн қазақ­стан­дықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетiлдiру мақ­сатында жалға берудiң жа­ңа әрi бөлек тәртiбi қарастырылып отыр. Бұл жерде жер беру тәртiбi­­нiң ашықтығы мен айқындығын қам­тамасыз ету және жемқор­лықты болдырмау үшiн конкурс­қа қойылатын жерлер тiзбе­сiн бекiту, оны мiндеттi түрде қоғам­дық кеңестермен және үкiметтiк емес ұйымдармен  келiсу,  жер ко­миссиясының құрамына 50 па­йызы қоғамдық кеңестер мен ұйым­­дардың өкiлдерi енгiзiлетi­нi көрсетiлген. Екiншiсi – ауыл ша­р­уа­шылығы  жерлерiн үлкен кө­-
лемде «бiр қолға» берiлуiн бол­дырмау мақсатында, әр облыс­тың әкiмшi­лiк аудандары шегiн­де ауыл шар­уашылығы жерлерi­нiң шектiк мөлшерiн  белгiлеу көз­делген. Үшiншiден, мемлекеттiк
ше­­караның ше­кара­лық белдеуiн­де орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптары ешкiмге берiлмейдi, тек жергiлiктi халыққа жа­йылым, шабындық ретiнде ғана пайдалануға рұқсат етiледi. Ше­ка­­ра­лық аумақта орналасқан жер учас­келерiн шетелдiктерге, Қазақстан Республикасының ше­тел­дiктермен некеде тұрған аза­маттарға немесе құрамында ше­телдiктер бар Қазақ­стан Респуб­ли­касының заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Бұл ау­мақта орналасқан ауыл шаруашы­лығы жерлерi тек қазақстан­дық­тарға ғана жалға берiлетiн болады. Төртiншiден, жергiлiктi тұр­­ғындардың жеке аула малы­ның жыл сайын өсуiне байла­нысты заң жобасымен жайылым жетiспеушiлiгiн шешу мақса­тын­да елдi мекендер айна­ласында жайылым алаңдар айқындай­тын норма көзделген. Осы мақ­сат­та айқындалған жайылымдарды жал­ға  беруге  тыйым  салынады.

– Ауыл шаруашылығы жерлері бұдан былай конкурстық негізде жалға беріледі. Ал ол жерлер әкім­діктің қоғамдық кеңес және аг­ро­өнеркәсіптік кешен саласын­дағы мемлекеттік емес ұйымдар­мен келісе отырып, бекіткен тізі­міне сәйкес беріледі. Жер беру әкімдік бекітіп, конкурсқа шы­-
ғар­ған, қоғамдық ұйым және үкі­меттік емес ұйымдармен келісілген тізімге сай ұсынылады. Бұл ті­зім жалпы ұйымдардың төрте­уінің кем дегенде үшеуі оң шешім берген жағдайда келісілді деп
санала­ды. Конкурстың жариялы­лығын қам­тамасыз ету үшін жер комиссиясы құ­рамына салалық қоғамдық бірлестік, кеңестердің, кәсіпкерлер палатасы өкілдерін қатыстыру қарастырылған, – де­-
ді  Самал  Есқалиева.

Осындай өзгерiстердi түсiндi­рiп өткен министрлік өкілі семи­нар-ке­ңес­ке қатысқан өңір кә­-
сіпкерлері қой­ған сауалдарға тұ­шымды  жауаптар  қайтарды.

Нұрбек  ОРАЗАЕВ,
«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар