4.08.2018, 0:41
Қараулар: 199
Су құбыры биыл қосыла ма?

Су құбыры биыл қосыла ма?

Облыс  әкімінің  орынбасары Бағдат  Азбаев  жұмыс сапарымен  Жаңақала ауданында  болып,  бірқатар құрылыс  нысандарының  жұмысымен  танысты.

Биылғы жылы да аудан бойынша атқарылып жатқан құрылыс көлемі ауқымды. Соның бірі де бірегейі – халық сұранысы бойынша облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан Жа­ңа­қала топтық су құбыры құрылысы болатын. 2017 жылы тамыз айында басталған құрылыс биылғы жылы пайдалануға берілуі тиіс. Өңір басшысының тікелей қадағалауында тұрған құрылыс қарқынды жүргізіліп
келеді. Осы су құбыры арқылы ауданның сегіз елді ме­кені, онда тұратын 16789 адамды таза ауыз сумен қам­туды көздеген құрылыстың бүгінгі жай-күйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары
Б. Азбаев мердігерлерге жұмыс сапасын кемітпеуді тапсырды. Мұ­нан кейін Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай, Сарыкөл, Мұқыр жә­не Жаңақалада болып, елді мекен­дерді ауыз сумен жабдықтау  жұ­мыстарымен  танысты.
Аудан орталығында болған об­лыс әкімі салынып жатқан үш қа­батты, 24 пәтерлік тұрғын үйдің құ­рылыс барысын көрді. Аталмыш тұрғын үйдің құрылыс жұмыста­рын «Алатау – Альдан – Агро» ЖШС жүргізуде. Бұл тұста облыс әкімі­нің орынбасары Б. Оразалдыұлы жауапты мердігерге тұрғын үй құ­рылысының қарқыны баяу екенін ескертіп, жұмысты ширату керектігін айтты.

Ақсұңқар  СӘДІР,
Жаңақала  ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар