4.08.2018, 0:39
Қараулар: 253
Бөкейдегі берекелі істер келешекте де жалғасын табады

Бөкейдегі берекелі істер келешекте де жалғасын табады

Сәрсенбіде  облыс  әкімі­нің  орынбасары  Бағдат  Азбаев  Бөкей  ордасы  ауданына  жұмыс  сапарымен  келіп,  энергетика  және  тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық саласының  нысандарын  аралады.

 Бағдат Оразалдыұлы Сайқын ауылы тұрғындарының жеке құрылыс салуына бөлінген 34 жер учаскесін көріп, кейін 16 екі пәтерлік коммуналдық тұрғын үйге инженерлік желілер тарту жұмыстарымен танысты. 63 млн. 314 мың теңге қаржыға атқарылып жатқан істің қарқынын байқап, іс­-
тің сапасына баса назар аударуды тапсырды. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың ай­-
туынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл аудан орталығында жалпы құны 108 млн. 501 мың теңге тұратын 5 екі пәтерлік тұр­ғын үй пайдалануға берілді және екі пәтер­лік 16 тұрғын үйдің құрылысына конкурс жарияланды. Одан бөлек, 26 екі пәтерлік тұрғын үйдің ЖСҚ-сы дайындалып, сараптама­-дан өтті. «ҚПО б. в.» компаниясының қаржы­ландыруымен ауыл ішіндегі бес шақырымнан астам асфальт жол орташа жөндеуден өтуде. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев 70 орындық интернат құрылысымен таны­сып, жаңа оқу жылында нысанды іске қосу үшін жұмысты жеделдету қажеттігін айтты. Аталған жоба құны – 309 млн. 852 мың теңге. Осы сапа­рында Б. Азбаев ауыз су мен көгілдір отын жеткізіліп жатқан елді мекендер­ге барды. Ауданымыздағы 22 елді мекеннің
13-і орталықтан­ды­рыл­ған сумен қамтыл­са, қазіргі таңда Жәр­мең­ке, Қарасу, Әжен және Кеңой ауылда­рына ауыз су жеткізу, газдандыру жұ­мыс­тары да жоспар­лы жүріп жатыр. Күні бүгін тоғыз елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отырса, биыл 12-сіне ауыл­­іші­лік газ құбырларын тарту үшін 195 млн. 913 мың теңге бөлін­ген.

Раушан   БАҚЫТОВА,
Бөкей  ордасы  ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар