4.08.2018, 0:35
Қараулар: 261
Жүйелі жұмыстар жаңа көкжиекке жол ашады

Жүйелі жұмыстар жаңа көкжиекке жол ашады

Жәнібек  ауданына  жұмыс  сапарымен  келген  облыс әкімінің  орынбасары  Ғабидолла  Оспанқұлов  алдымен Ұзынкөл  ауылдық  округінде  болып,  күрделі  жөндеу жұмыстары  жүріп  жатқан  мәде­ниет  үйіне  ат  басын тіреді.

 Мердігер «Символ» ЖШС-ның басшысы Есқа­йыр Елемесов 41 млн. теңгенің күрделі жөн­-
деу жұмыстары маусым айында басталғанын, қыр­күйек айы­ның орталарында аяқталуы тиіс
жұмыстарды мерзімі­нен бұрын бітіруге күш салатын­дықтарын жеткізді. Бұдан кейін өңір бас­шысының орынбасары ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктте, жалпы білім беретін орта мектепте, «Ұзынкөл» бөбекжайында болды.

Аудан орталығына келген Ға­бидолла Абдоллаұлы түстен ке­йін ауылдың шетінде орналас­қан «Балдәурен» жазғы демалыс лагеріне барды. Биыл мұнда алты ауысымда 240 оқушы де­мал­мақ­шы. №1 мектеп-лицейге маң­дай тіреген топты оның директоры Сапар Мәмбетәлиев күтіп алды. Оның сөзінше, мұнда 54 мұғалім балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен айна­лысуда. Мек­теп-лицеймен іргелес қоныс тепкен балалар-жасөспірімдер ту­­ризмі және экология, мектептен тыс жұмыстар орталықтарына кел­­­ген облыс әкімінің орын­ба­сарына «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламасы аясында Талов, Жақ­­сыбай, Қамысты, Тау, Борсы, Ақоба ауылдық округтері бойынша атқарған жұмыстар жөнінде жан-
жақты түсінік берілді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыруға» қатыс­ты бейнекөрініс  те  та­машаланды.

Бұдан соң қонақтар М. Ықсанов атындағы Жәнібек кол­леджінің және Т. Жароков атын­да­ғы ЖББОМ-ның жұмысымен танысып, осында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім бе­-
ру, мәдениет саласының ардагерлері және қызметкерлерімен, мекеме, ұйым басшыларымен, қо­-
ғамдық және ардагерлер кеңесте­рінің мүшелерімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен
өт­­кен  жиынға  қатысты.

Жастарымыздың бойына рухани қазынамыз бен ұлттық құн­дылықтарымызды сі­ңі­руіміз ке­-
рек. Жаһанданудың жақ­­сы да, жаман жақтары бар. Елба­сының Жарлығымен Ұлттық домбыра кү­ні белгіленді. Күй атасы Құрман­ғазының тойы ЮНЕСКО дең­ге­­йін­де аталып жүр. Мәдениетіміз бен өнерімізді дәріп­теуіміз қажет. «Ата­­мекен» бағдар­ла­масы аясында бизнесмендері­міз көптеген ша­раларға атсалысуда, – деді Ғаби­долла  Абдоллаұлы.

Жиында сөз алған аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев: «Кезінде Жәнібек ауы­лының оңтүстік-батыс бетін­­де стационар жұмыс жасап, он­да 48 адам диссертация қорға­ған.
Теректің 145 түрі өсірілген. Осын­­дай жұмыстар ғылыми еңбек­тер­мен қатталған. Алдағы уақыт­та стационарды бір құрылым етіп ашуға қолдау көрсетуіңізді сұ­рай­мыз», – деді. №1 мектеп-ли­цей­дің директоры Сапар Мәм­бетәлиев интернет желісінің нашар­лығын, аудандық демалыс орталығы ди­-
­­ректорының орынбасары Лари­са Абдуғалиева Қамысты, Талов ауыл­дық округтеріндегі мәде­­ниет үй­лерін күрделі жөндеуден өткі­зу, домбырашы, басқа да маман­дықтар бойынша мамандар даяр­-
лау мәселесін алға тартты. Сөй­леушілердің тарапынан қойылған сауалдарға орай Ғаби­дол­ла Ос­панқұлов  өз  жауабын  берді.

 

*   *   *

 

Облыс әкімінің орынба­сары Ғабидолла Оспан­құлов Тау ауы­лы­на ат басын бұрып, аталған ауыл­дық
мәдениет үйінің жұмысы­мен та­нысты. Мәдениет үйімен жап­сар­лас орналасқан кітапхана­ға бас
сұғып, рухани орданың жай-кү­йіне қанықты. Содан соң ауыл­да­ғы жазғы спорт алаңы­­ның  ашы­лу  салтанатына  қатысты.

Облыстан келген топ одан әрі Борсы ауылына жол тартып, ақын, ғұлама Ғұмар Қараштың басына орнатылған кесенеге табан тіреді. Мұнда ғұламаның зиратына тәу етті. Аудандық мұсылман­-
дар мешітінің бас имамы Есен­болат Абдуғалиев құран бағыш­та­ды. Кесенені көрген Ғабидолла Абдоллаұлы: «Игі іс жасап жатыр екенсіздер, ертең осындағы құрылыс толықтай аяқталған соң жер-жерден туристер ат ізін салып, бұл маңның қандай орын екенін білетін болады, сөйтіп Ғұ­мар бабамыздың сүйегі жатқан Борсы ауылының, жалпы Жәнібек ауданының алыс-жақын шетелдерге танымалдылығы артады, – деп кесенені салуға еңбектенген аудан әкіміне, жұртшылыққа ри­зашылығын білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ Жақ­сыбай ауылына келіп, мектепті, мәдениет үйін аралады. Ауыл­дағы орта мектеп 1981 жылы салыныпты. Күр­де­лі жөндеуді қа­жет етеді. Аудан әкі­мі Азамат Са­фималиұлы облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлына мектепке күрделі жөндеу жүр­гізу үшін қаржы бөлу керектігін айтты. Облыс әкімі­нің орынбасары өз кезегінде ал­ды­мен толық, сосын шағын жи­нақ­ты мектептерге күрделі жөндеу жүргізілетінін, алайда бұл мәсе­ленің оң шешімін табуына қол­дан келетін жағдайды барынша қарастыратынын  жеткізді.

Асқар  ҚҰСАЙЫНОВ,
Нұрымбек  ЖАПАҚОВ,
Жәнібек  ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар