4.08.2018, 0:24
Қараулар: 225
Жазғы мектепті 100 директор «бітірді»

Жазғы мектепті 100 директор «бітірді»

Бейсенбі  күні  «Дарын» қосымша  білім  орталығында «Өсу  векторы»  жазғы  мекте­бінің  жабылу  шарасы өтті.  Үш  күнге  созылған  мектеп директорларының  басын  қосқан жазғы  мектептің  әсерлі  сәттерге толы  болғаны  ұстаздар  жүзінен-ақ  айқын  аңғарылады.  Салтанатты  шараға  облыс әкімінің  орынбасары  Ғабидолла Оспанқұлов  арнайы  келді.

 

Жаңа заман балаларын тәрбие­лейтін мұғалім жаһандық бәсе­келестікке қабілетті болуы ке­-
рек. Осы заманның мұ­ғалімі оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сол бі­лім­ді пайдаға асыра білудің әдіс-тәсіл­дерін
де үйретуі қажет. Күн са­йын қарыш­тап да­мып жатқан заманда мұ­ғалімге қойылатын
талап өте жоғары. Қазір таңдаған мамандығына балы жетпей, амалсыз мұғалім
мамандығын таң­дай­тындардың қатары кө­бейіп кетті. Бұл да мұғалімдердің беделі­не әсер ете­ді.  Сондықтан да, елімізде мұ­ға­лімдер­дің жала­қысын көбейтіп, олар­дың қоғамдағы мәр­тебесін арттыру ба­-
ғы­тында көптеген  жұ­мыстар жасалуда, – деп сөзін сабақта­ған облыс әкімінің орынбасары Ғабидол­ла Абдоллаұлы мұғалім мамандығына қа­тыс­ты өмірден түйген ойларымен бөлісіп, шәкірт тәрбиесі, сыбай­-
лас жемқорлық  туралы  пікірін айтты.

Демалып, әрі оқып, өз-өздерін дамыт­қан «Өсу векторы» жобасына 100 мектеп басшысы қатысқан. Әдістемелік қор­жын­дарын әдемі әсер мен өздері үшін құнды қазынаға толтырған мектеп басшы­-
лары сипаты бөлек жобаны ұйымдас­тырушыларға дән риза. Алда күзгі, қыс­қы мектептер  өз  жұмысын  жалғастыр­-
мақ.

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар