4.08.2018, 0:21
Қараулар: 323
Жедел жәрдемнің «аяғы ұзарды»

Жедел жәрдемнің «аяғы ұзарды»

Жедел  жәрдемнің  «аяғы  ұзарды»

 

Облыстық жедел жәрдем стансасы екі реанимобильді  көлікпен толықты. Volkswagen Crafter реанимобиль көлігі «Алтынмед» ЖШС арқылы сатып алынған. Заманауи технологиямен жабдықталған, аталмыш көліктердің  тиімділігін жедел жәрдем стансасының мамандары БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеген болатын.

Жедел жәрдем көлігінің салонында ыстық, салқын су, көп функционалды кресло мен дәрі-дәрмек сақтауға арналған арнайы сейф бар. Медициналық жабдықтардың барлығы Германияда жасалған. Санавиацияның анесте-зиолог-реанимотологы Тимур Ғабшакировтың айтуынша, облыс орталығынан шалғай жатқан аудан-дардағы науқастарды толық мамандандырылған көмек көрсету орталығына жеткізуде реанимо-бильді көліктің маңызы зор. Мұнда ауа климатын бақылайтын құрылғы мен   өкпені жасанды тыныстандыру және оны тұрақты түрде оттегімен қамтамасыз ету аппараты орнатылған. Яғни науқастың өмірін сақтап қалу мақсатындағы барлық медициналық жабдықтармен жабдықталып отыр. Жедел жәрдем стансасы директорының емдеу ісі жөніндегі орын-басары Гүлнар Жұмағалиеваның мәліметінше, облыстық жедел жәрдем стансасының диспетчері-не күніне 500-550-ге жуық шақырту  келіп  түседі  екен.

– Облыстық жедел жәрдем стансасында 77 санитарлық көлік бар.Оның 44-і Орал қаласына, қалған33-і аудан-ауылдардағы жеделжәрдем бөлімшелеріне тиесілі.Қала бойынша күніне 25 меди-циналық бригада  жолға шығады, –  дейді Гүлнар Жұмағалиева.

Гүлсезім   БИЯШЕВА,
«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар