19.07.2018, 12:22
Қараулар: 85
Ерікті дегеніміз кім?

Ерікті дегеніміз кім?

Қоғамда қандай жұмыстар жасалмасын, қандай іс-шаралар өткізілмесін, оларды ұйымдастырушы, жүзеге асырушы қарапайым ғана адамдар. Бірінші кезекте, қоршаған орта мен қоғамға жаңа игі өзгерістер әкелуді қалайтындар, өздерінің сол ортаның мүшесі екендігін сезіне отырып жақсылық жасаушылар. Сонымен қатар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырсақ  қазіргі күні «Ерікті» немесе «Волонтер» деп аталатын мамандық иесі, қоғам мүшелеріне лайықты аттың иелерін көреміз. Ерікті  қызметі – дегеніміз, мұқтаж адамдарға риясыз, ешбіреудің мәжбүрлеуінсіз шын көңілден көмек көрсету, қалтқысыз қолдау көрсетуге бағытталған адам қызметінің ерекше үлгісі. Мұндай ұйымдар әлемнің көптеген елдерінде өздерінің жұмыстарын жасап келеді. «Ерікті» (ағылшын тілінен аударғанда volunteer – өз қалауымен жұмыс істеуші) – мұқтаж адамдардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам.

Еріктілердің халықаралық белгісі – қызыл V әрпі.
«Ерікті» немесе «өз қалауымен жұмыс істеуші» терминдері Қазақстанда алғашқы ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) қалыптаса бастаған кезден бастап кеңінен қолданыла бастады.

     Қазақстан Республикасында 2016 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «» еріктілер заңы қабылданып, қолданылып  келеді. Осы Заң волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаларын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейді. Бұл заң 14 тарау 19 баптан құралған.

Орал қаласында «DOC.kz» әлеуметтік қоғамдық бірлестігі және волонтерлі орталығы сарапшылар – институционалдық ортаны зерттеу мен аймақтарда еріктілер инфрақұрылымын дамыту ұйымдар, әлеуметтік институттар арасында сауалнама жүргізіліп жатыр. Сауалнама жүргізудің мақсаты – еріктілер жайында мемлекеттік органдар да және де ҮЕҰ жұмыс жасайтындардың ойын білу болып келеді. Көптеген адамдардың пікірлерінше ерікті жұмыс істеу ол – адамдарға қөмек көрсету, адамның белсенді ерік жігері, бос уақытын әлеуметтік жұмысқа жұмсау деп біледі екен. Орал қаласындағы еріктілер тобында 16 – 22 жас санатының өкілдері пайдалы жұмыстарын атқарып, ұйымының мақсаттарын іске асыруға  септіктерін тигізіп жүр. Еріктілер жұмысы адамзаттың әлемге, еркіндікке, қауіпсіздікке, әділдікке және барлық адамдарға көмек көрсетуге деген мәртебелі қасиеттерін дамытады.

А. Амангалиева, Орал қаласы

«Фонд содействия научным исследованиям» ЖҚ

 менеджері