Азаматтық қоғамның абыройын арттырсақ

Күні , 1 359 рет оқылды

Бейсенбі  күні  ҚР  Қоғамдық  даму  министрлігі  Азаматтық қоғам  комитетінің  төрағасы  Әлия  Ғалымова  жұмыс  сапарымен өңірімізде  болды.

Облыс әкімдігінде комитет басшысының қатысуымен өткен кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, облыстық азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері бас қосты.

Кездесуде сөз алған Әлия Қайратқызы мемлекетпен азаматтық сектордың өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарларын және осы саладағы түйткілді мәселелерді шешу жолдары туралы айтып өтті. Сондай-ақ ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру, оларды іске асыру бағытындағы атқарылар жұмыстарға, қайта құрылған министрліктің алға қойған міндеттері мен мақсаттарына тоқталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 13 маусымында Мемлекет басшысы «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл заң мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін және ашықтығын арттыруға бағытталған. Заңда мақсатты топтардың, ҮЕҰ ұсыныстары бойынша сұраныстарды зерттеу және талдау негізінде мемлекеттік сатып алуды қалыптастыру үдерісіне бірыңғай көзқарастар келтірілген. Сондай-ақ азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарға өздерінің ұсыныстарын тиісті мемлекеттік құрылымдарға ұсыну арқылы бұл процеске белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа мемлекеттік сатып алу  стандарттары енгізілді, бұл жобаның әлеуметтік әсерін арттырады. Мемлекеттік сатып алулардың нәтижелерін бағалау жүргізілді, бұл жобаның тиімділігін және халықтың қызметтер сапасымен қанағаттану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиында жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Айтылған түйткілдердің ішінде ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру, қоғамдық кеңес құрамдарын қайта қарастыру, оның құрамындағы мемлекеттік құрылым өкілдерінің санын азайтып, азаматтық қоғам өкілдерінің үлесін көбейту туралы мәселелер бар.

Әлия Қайратқызы айтылған ұсыныстардың орынды екендігін, осы түйткілдерді шешу жолында жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ комитет басшысы өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесінде болып, жұмыс барысымен  танысты.

Нұрдәулет  АСЫЛ



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика